Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ОТАНДЫҚ ПРОДЮССЕР БҰЛ ЖОЛЫ ҚЫРҒЫЗ БАЛАСЫНЫҢ ЖҰЛДЫЗЫН ЖАҚПАҚ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ОТАНДЫҚ ПРОДЮССЕР БҰЛ ЖОЛЫ ҚЫРҒЫЗ БАЛАСЫНЫҢ ЖҰЛДЫЗЫН ЖАҚПАҚ

ОТАНДЫҚ ПРОДЮССЕР БҰЛ ЖОЛЫ ҚЫРҒЫЗ БАЛАСЫНЫҢ ЖҰЛДЫЗЫН ЖАҚПАҚ

       
Отандық белгілі продюссер Аслан Қамысбай қанатының астына тағы бір өнерпазды алды. Талай дарынның жолын ашуды мақсат еткен шоу-бизнес өкілі бұл жолы қырғыз баласының жұлдызын жақпақшы.
        Бұл туралы продюссердің өзі instagram-дағы ресми парақшасында мәлімдеді.
         «Аспаннан жаңа бір жұлдыз жарқырағандай, эстрада әлеміне тағы бір талантты жас әнші қосылды. Қырғыздың тұлғалы ұлы Наарын СүйүнтбековАлла қаласа әдемі ән мен сапалы бейнебаяндарды тарту етеміз. Тек алға, Алла күш қуат беріп, көк аспанның қыраны бол, мен әрқашан сені қолдап, жаныңнан табыламын! Жаңа жоба құтты болсын», -деп жазды Аслан Қамысбай өз постында.
          Ал ғаламтор арқылы есімі елге мәлім болған қырғыз әншісі қазақ продюсерінің ұсынысын қуана қабыл алғанын жеткізді.
        «Қазақстанға продюсер Аслан Қамысбайдың шақыртуымен Қырғыз Республикасынан келдім. Бір туған қазақ-қырғыз халқына жақсы әндер тарту еткім келеді», – дейді Наарын Сүйүнтбеков.
         Жас әнші алғашқы бейнебаянын продюсердің көзіне түсуге себеп болған әніне түсіруді жөн көрген.
         «Бұл менің бірінші клипім. Ән қазақ және қырғыз тілінде орындалады. Арузатым есімді қызға ғашық болған ақынның жыры. Тырнақалды туындымның сюжеті махаббат пен құмар ойындарының шырмауында қалған жігіттің оқиғасын баяндайды», – деп мәлім етті Наарын.
        Ән әлеміне қадам басқан қырғыз баласы мұнымен тоқтап қалмай, тағы төрт бейнебаян түсіруді жоспарлап отыр.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...