Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
АУДАН ПРОКУРОРЫ ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖАНДАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » АУДАН ПРОКУРОРЫ ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖАНДАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

АУДАН ПРОКУРОРЫ ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖАНДАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

          Жетісай ауданындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатындағы аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен аудан аумағында құқықбұзушылық профилактикасын кешенді жүзеге асыру шараларын нақтылау, пысықтау мақсатында мекемеаралық мәжіліс болып өтті.
         Жетісай ауданының прокуроры Айдархан Жүнісбеков пен аудан әкімі Серік Мамытов, аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Марат Қадырқұлов пен пробация қызметі бөлімінің басшысы Дильшат Назаров, барлық бөлім басшылары қатысқан жиында аудан прокурорының орынбасары Ырысбек Ерназаров баяндама жасап, аудандағы кейбір қылмыс санаттарының былтырғы жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда артып отырғанын жеткізді.
        Прокуратура келтірген мәліметке сәйкес, ағымдағы жылдың 1 айында орын алған жалпы 45 қылмыстың 6-ы мал ұрлығы болып тіркеліп, былтырғы жылмен салыстырғанда 50%-ға өскен. Ал, алаяқтық қылмысы бойынша 2022 жылдың 12 айында 2021 жылдың 12 айымен салыстырғанда 4%-ға, оның ішінде интернет алаяқтық қылмыстарының саны 54-тен 62-ге жетіп, 14,8%-ға артқан.
           Бүгінде алаяқтықтың кең тараған түрлері саналатын қайтарымсыз грант, атаулы әлеуметтік жәрдемақы алып беру фактісі бойынша 49 қылмыс, жеңілдетілген несие алу бойынша 16 қылмыс, жалған диплом жасау бойынша 6 қылмыс, зейнеткерлікке шығару бойынша 7 қылмыс, мүгедектікке шығару бойынша 4 қылмыс, әртүрлі компанияларға қысқа мерзімде салған ақшаларын екі еселеп шығарып беремін деп ақша алу фактісі бойынша 13 қылмыс тіркелген.
         Сонымен қатар, интернет арқылы сауда жасау және қызмет көрсету бойынша 32 қылмыс орын алса, өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, жеке деректерді иемдену және бөтен біреудің атынан онлайн-несие рәсімдеу арқылы жасалған 28 қылмыс тіркелген.
           «Аудандағы қоғамдық орындарда 2022 жылы 122, 2021 жылы 172 қылмыс орын алса, биылғы жылдың алғашқы айында 82 қылмыс орын тіркелген. Қазіргі таңның ең ауыр тақырыптардың бірі  – жасы кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық қылмыстар.   Ауданымызда осындай қылмыстар 2021 жылы 5 тіркелсе, 2022 жылы 4, ағымдағы жылдың басынан бері 1 қылмыстар орын алған» деген аудан прокурорының орынбасары – қала, кент, ауылдық округтердің әкімдері мен жергілікті полиция қызметі, білім беру мекемелері бірлесіп кәмелет жасына толмағандардың жыныстық тиіспеушілігін қамтамасыз ету мақсатында ашық сабақтар мен дөңгелек үстелдер өткізуді жиілетуі керек екенін айтады.
          Мәжіліс соңында аудан прокуроры аудандағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, адам саудасының, әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстардың, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігінің, жол-көлік оқиғаларының, есірткі құралдарының айналымына байланысты қылмыстардың, желілік, әлеуметтік және өзге де интернет-алаяқтықтың түрлері бойынша түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізуді тапсырып, жұмыстардың нәтижесін жеке бақылауына алатынын ескертті.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...