Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
СУ ҚАШЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » СУ ҚАШЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

СУ ҚАШЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

       Биылғы жылдың басында жауған қалың қар мен ауа-райының күрт жылынуы мен  жауын-шашынның толассыз жаууы салдарынан Жетісай ауданына қарасты қала, кент, ауылдық округтердегі тұрғын үйлердің ауласы мен көшелерге жиналған суларды қашырту жұмыстары жүргізілуде.
       Аталмыш табиғи қолайсыздыққа байланысты алғашқы күннің өзінде-ақ Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлының басшылығымен жедел штаб отырысы өткізіліп, жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар берілген болатын.
       Жергілікті әкімдіктерден 200 ден астам жеке құрам және еріктілер, 37 техника, 64 су сорғы (МП-80, МП-100, МП-150, МП-350) насостары жұмылдырылған.
       Одан бөлек, су тасқынының алдын алу мақсатында қазіргі таңда «Жетісай қызмет» мекеме теңгеріміндегі 15 дана су сорғыш құрылғылары жұмысқа дайын тұр. Аудан бойынша коммуналдық меншіктегі 12 тік дренаждың 3-і істеп тұрса, 5-і белгілі себептермен жұмыс жасамайды. Жерасты сулары көтерілген жағдайда қалған 4 тік дренаж іске қосылатын болады.
Қазіргі таңда, «Жетісай қызмет» мекемесі тарапынан қаладағы ирригация жүйелерін тазалау жұмыстары тоқтаусыз жүргізілуде.
        «Табиғи апатты болдырмау, адам шығынының алдын алу мақсатында жергілікті әкімдіктер мен еріктілер тарапынан арнайы техникалар мен су сорғы насостары, 200-ден астам жеке құрам жұмыс істеуде.
Айта кетейік, бізге келіп түскен хабарламаларға сәйкес жеке құрам мен қажетті техникалар бірінші кезекте аса мұқтаж жандарға, яғни, көпбалалы отбасылар мен асыраушысынан айырылған, жалғызбасты, қоғамның әлсіз топтары саналатын мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға, аз қамтамасыз етілген тұлғалардың үйлеріне, әлеуметтік нысандарға жіберіледі. Тұрғындардан жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз» дейді аудан басшысы.
        Аудан басшысының тікелей тапсырмасымен шұғыл шығындар есебінен қосымша су сорғы насостары сатып алынып, қажетті құрал-саймандар мен жанар-жағар май қажеттілікке сәйкес бөлініп отыр.
         Орын алған қолайсыздықтарға байланысты қала, кент, ауылдық округтерден түскен хабарламалар бойынша төтенше жағдайлар бөлімі мен жергілікті әкімдіктер тарапынан қажетті техникалар, жеке құрам жұмылдырылып, су қашыру жұмыстары жүргізілуде.
        Қазіргі таңда тұрғын үйлерге келетін қауіп жоқ. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен аудандық әкімдік тарапынан тәуліктік кезекшіліктер ұйымдастырылып, жағдай толықтай бақылауға алынған.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...