Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
НАННЫҢ АРАСЫНА БЕС ТЕЛЕФОН ЖАСЫРЫП ӘКЕЛГЕН - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » НАННЫҢ АРАСЫНА БЕС ТЕЛЕФОН ЖАСЫРЫП ӘКЕЛГЕН

НАННЫҢ АРАСЫНА БЕС ТЕЛЕФОН ЖАСЫРЫП ӘКЕЛГЕН

      Алматы қаласындағы Тергеу изоляторында жатқан танысына сәлем-сауқат әкелген әйел таба нанның арасына бес телефон жасырып әкелген.
        №72 мекеменің күдіктілер мен сотталғандарға әкелген сәлемдемелерді қабылдау орнында бақылаушылар әр затты мұқият тексереді және сәлемдеме әкелушілер үшін арнайы тақта орнатылып, онда бас бостандығынан айыру орындарына тыйым салынған заттарды өткізу әрекеті үшін қолданылатын жаза айқын жазылған.
Соған қарамастан бақылау пунктінде сәлемдемелердің ішінен тыйым салынған заттарды анықтау фактісі күн сайын тіркеледі.
        Ал бес бірдей телефонды өткізбекші болған 1988 жылы туған әйел Алматы қаласының тұрғыны. Оның танысы Ж. деген азамат ҚР Қылмыстық кодексі 190 бабының 3 бөлігімен, яғни ірі мөлшерде бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін айыпталып, Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының үкімімен 2023 жылдың қаңтар айында 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.
         Аталған факті бойынша Алматы қаласы Түрксіб аудандық полиция басқармасы алдын ала тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде.
Гүлнар МАҒЗҰМОВА,
Алматы қаласы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Әрбір дауыс – жауапкершілік, әрбір таңдау – болашаққа қосылған үлес

        ...

ЖАҢА ҚОНЫС ИЕЛЕРІНЕ ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

ЕРІКТІ ҚОНЫС АУДАРУҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КҮШЕЙТІЛДІ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА САЯСИ МОДЕЛІ: ҚОҒАМ НЕ ҰТАДЫ?

       Қазақстан ...

РУХАНИ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫҢ – ӨЗ БОЛАШАҒЫҢ!

       Ағымдағы ...

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫНДЫ ЖАСА!

       Әрбір ...

ӘРБІР ДАУЫС МАҢЫЗДЫ, ӘРБІР ТАҢДАУ ҚҰНДЫ!

        ...

ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

        ...