Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
АТАҚТЫ «ТURAN» АНСАМБЛІ «FOLK & SYMPHONY» ЖОБАСЫМЕН АЛМАТЫДА - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » АТАҚТЫ «ТURAN» АНСАМБЛІ «FOLK & SYMPHONY» ЖОБАСЫМЕН АЛМАТЫДА

АТАҚТЫ «ТURAN» АНСАМБЛІ «FOLK & SYMPHONY» ЖОБАСЫМЕН АЛМАТЫДА

    Өтетін күні мен уақыты: 23 ақпан, сағ. 17:00 – баспасөз конференциясы, сағ.19.00 – концерттің басталуы.
    Өтетін жері: Алматы қаласы, Ш.Қалдаяқов көшесі 35, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы.

«Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының солистері  – «ТURAN» фольклорлы-этнографиялық ансамблі, арнайы Алматы жұртшылығы үшін «FOLK & SYMPHONY» жобасын ұсынады.

        Аталмыш кеш ансамблдің 15 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылған алғашқы концерті болмақ.
«FOLK & SYMPHONY» – симфониялық оркестр мен қазақтың көне музыкалық аспаптарын біріктіріп, Америка, Еуропа және Азия тыңдармандарының жүрегін жаулаған «TURAN» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің бірегей жобасы. Бұл жоба қазақтың музыка мәдениетін сақтауға, дамытуға және танымал етуге бағытталған.
        Концерттік бағдарламада «ТURAN» ансамблінің репертуарындағы фольклорлық және симфониялық үздік туындылар орындалады. Атап айтатын болсақ, «Бүркіт», «Сырласу», «Ақсақ Құлан», «Аққу», «Ортеке», «Толғау», «Ұлы Тұран мәңгілік», «Қара жорға», «Көроғлы, «Ер Тұран» және т.б. композициялық шығармалар көрермендер назарына ұсынылады. Іс-шара екі бөлімнен тұрады.
       Концерттік шара Т.Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Қанат Омаровтың басқаруымен өтеді.
       Т.Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі – 1938 жылы құрылған еліміздегі алғашқы симфониялық оркестр, Қазақстанның ең ірі әрі жетекші музыкалық ұжымы. Чехия, Польша, Германия, Австрия, Франция, Ұлыбритания, Америка, Түркия, Корея, Қытай елдерінің композиторларымен, көрнекті дирижерлерімен авторлық концерттік кездесулер ұйымдастырып, әлемдік деңгейдегі көптеген орындаушылармен бірге өнер көрсеткен.
         2015 жылдан оркестрдің көркемдік жетекшісі жəне бас дирижері болып қызмет ететін Қанат Омаров Қазақстанның халық әртісі, профессор, отыз жылға жуық Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрдің бас дирижері болған Төлепберген Әбдірашевтен тәлім алып, лайықты деңгейде ізін жалғастырып келеді. Сонымен қатар, «Метрополитен» опера театрының бас дирижері, әлемге әйгілі маэстро – Фабио Луизиден тағылымдамадан өтіп, мамандығының қыр-сырын игерді.
      «ТURAN» фольклорлық-этнографиялық ансамблі әлемнің 70-ке жуық елдерінде 1300-ден астам жеке концерттерін өткізді. 2022 жылы ансамбль Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыртуымен және Бакудегі XIV У.Гаджибейли сондай-ақ, Сеулдегі «Asia Song Festival» халықаралық музыка фестивалінде өнер көрсетіп, Әзірбайжан мемлекетінде өткен ІІ Яилаг халықаралық фестивалінің арнайы қонағы болды. Ансамбль «Mendirman Jaloliddin» атты түрік тарихи сериалының екінші маусымына саундтрек жазды. Айта кетейік, «TURAN» ансамблі бұған дейін «Diriliş Ertuğrul» (реж: Mehmet Günay, Түркия), «İsimsizler» (реж: Emre Konuk, Түркия), «Дала дауысы» (реж: Ермек Шынарбаев, Қазақстан-Франция) және т.б. халықаралық жобаларға музыка жазған болатын. 15 жылдық мерекеге орай әлемдік турне бойынша ансамбль шет мемлекеттерге концерттік бағдарламаларымен шығуды да жоспарлап отыр.
         Шығармашылық ұжым «Карнеги Холл» (Нью-Йорк, АҚШ), «Кеннеди орталығы» (Вашингтон, АҚШ), «Концерт үйі» (Берлин, Германия), «Кремль сарайы» (Мәскеу, Ресей), Санкт-Петербургтегі «Мариин театрының концерттік залы» (Ресей), «Конгресстер мен фестивальдер сарайы» (Канн, Франция), «Салле Корто» (Париж, Франция) сияқты атақты залдарда өнер көрсетті.
        «ТURAN» ансамблі – 2008 жылы құрылған, заман талабына сай қазақ халқының ұлттық музыкалық мұрасын дамытып, көне аспаптардың үнін жаңа үлгіде жаңғыртуға атсалысып жүрген өзіндік ерекшелігі бар өнер ұжымдарының бірі. Сондай-ақ, түркі әлеміне ортақ көмеймен ән айту өнерінің шеберлері. Ансамбль құрамында 30-дан астам ұлттық аспаптарда ойнайтын өнерпаздар  – Мақсат Медеубек, Серік Нұрмолдаев, Бауыржан Бекмұханбетов, Ержігіт Әлиев, Жанту Дадабаев пен т.б. бар.
      Ерекше әсер сыйлайтын әдемі кештен қапы қалмаңыздар! Біз сіздерді күтеміз, құрметті көрермендер!
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт»
мемлекеттік концерттік ұйымының баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...