Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ЖАСТАР! СІЗДЕРДІ ӘСКЕРИ ОҚУ ОРЫНДАРЫ КҮТУДЕ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ЖАСТАР! СІЗДЕРДІ ӘСКЕРИ ОҚУ ОРЫНДАРЫ КҮТУДЕ

ЖАСТАР! СІЗДЕРДІ ӘСКЕРИ ОҚУ ОРЫНДАРЫ КҮТУДЕ

        Офицер кәсібі көптеген жасөспірімдердің арманы. Олар бұл армандарын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің төмендегідей оқу орындарына түсу арқылы жүзеге асыра алады.
  • Құрлық әскерлері әскери институты; (Алматы қ.)
  • Әуе қорғаныс күштер институты; (Ақтөбе қ.)
  • Радиоэлектрондық және байланыс әскери инженерлік институты;(Алматы қ.)
  • Ш.Уалиханов атындағы ҚР, ҚК Кадет корпусы; (Көкшетау қ.)
       Бұл оқу орындарында оқу мерзімі 4-5 жыл. Жоғарғы әскери оқу орнын бітіргендерге тиісті мамандығына қоса офицер атағы беріледі.
      Әскери оқу орнына түсуге ниет білдіруші 17-21 жастағы орта білімі бар азаматтар,   аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі бастығына өтініш  жазады. Онда аты-жөні, тегі, туылған жылы, мекен жайы және оның түсуге ниет білдірген оқу орнының атауы көрсетіледі. Әскери оқу орнына түсушілердің құжаттарын қабылдау комиссиясында қаралып шешім шығарылады.
       Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі талапкерлердің құжаттарын тексереді және үміткерлердің әскери оқу орнына түсуге жарамдылығын анықтау үшін медициналық дәрігерлік комиссияға жіберіледі.
       Құжаттарын өткізген талапкерлер облыстық дәрігерлік сараптау  комиссиясынан өтеді. Одан әскери қызметке жарамды деп табылса шілде айында Республикалық сараптау комиссиясына шақырылады. Азаматтардың білімін тексеру, яғни жоғары оқу орындарына қабылдау емтихандары сараптау комиссиясынан кейін болады.
        Офицер болу жоғары біліктілікті, ізденгіштікті, сабырлықты, қандай іске болмасын төзімділікті талап етеді. Сонымен қатар, денінің саулығы мен спортшы болуы да назардан тыс қалмайды.
        Қорытындылай айтқанда барлық сынаққа төзе біліп, қабылдау емтихандарынан өткен талапкерлер ғана әскери оқу орнына түсе алады.        Ендеше, әскери қызметкер боламын деген талапкерлер Тәуелсіз Қазақстанның тыныштығын, бейбіт өмірін қорғаймын деген жастар бағын сынауына болады!
                                                                   Түркістан облыстық  ҚІЖД баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...

«ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ» — ҰЛТТЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ!

        ...

«ЕҢБЕК АДАМЫ» КЕЙІПКЕРІ: АҒА МЕЙІРБИКЕНІҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫ – ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ!

        ...

АЯГӨЗ АУДАНЫНДА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МЕДАЛЬДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

АУЫЛДЫҚ МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА «КІТАПҚА — ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ТАРИХ ТАРТУЫ — ТӘУЕЛСІЗДІК» КВИЗ САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ БЕЛДІ МҮШЕСІ ВИЦЕ-МИНИСТРДЕН МАРАПАТ АЛДЫ

        ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИЛІК» ИДЕОЛОГЕМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ (АОБӨФ) ТӨРАҒАСЫ — «ОЙШІЛІК» АУЛЫНДА БОЛДЫ

        ...