Home » PRESS RELEASE » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТӘРТІБІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТӘРТІБІ

        «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 9-бабының 26) тармақшасына, 19-бабының 1) және 2) тармақшаларына және 20, 21 және 22-баптарына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы No ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығы негізінде санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетеді:
       Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болады:
       – көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толық болмауы немесе ондағы деректердің анық еместігі, қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда;
       – ұсынылған объектінің санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
         Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін түрде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 9.00 ден 18.30-ға дейін, ал порталда: тәулікбойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
         Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
        – нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландандырылған электрондық  құжат нысанындағы өтініші болуы;
        – санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін қажетті зертханалық-аспаптық зерттеулерге (сынақтарға сәйкес аккредиттелген зертханалар жүргізген зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының электрондық көшірмесі;
        – өндірілетін тамақ өнімдері тізбесінің Электрондық көшірмесі.
       Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялык саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиология.
  1. Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет (қызмет көрсету мерзімі – 10 жұмыс күні);
  2. Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру;
  3. “Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (қызмет көрсету мерзімі – 5 жұмыс күні);
       Қызметке тапсырыс беруші қүжаттардың толық топтамасымен танысып, көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемле кеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Г.САУЛЕБЕКОВА,
Мақтаарал ауданының СЭББ-тің бөлім басшысы.
Мақтаарал ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының сенім телефоны
    Сенім телефоны +7 (7254)-13-25-79, Ал «Ашық есік күні» әр айдың 19 жұлдызы. Мекен-жайымыз: Мақтаарал ауданы, Атакент кенті, Ибраев көшесі №22Б. Эл. пошта: mahtaaral.2012@mail.ru

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...