Home » PRESS RELEASE » News » ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ИГІ ТІЛЕКТЕР!

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ИГІ ТІЛЕКТЕР!

     Құрметті ! Қадірлі … !  
      Сіздерді келіп кірген Жаңа … жылмен шын жүректен құттықтаймын!  … жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен толағай табыстар тілеймін! Құшақтарыңыз қуанышқа толы болсы!  Қолға алған әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ – береке келсін!
      Армандарыңыз бен тілектеріңізге қосылып, біз Сізге алдағы Жылда денсаулығыңыз мықты, бақытыңыз үстем болып, күш – қуатыңыз таусылмасын, қанатыңыз талмасын деп тілейміз. Өткенге риза болып, жаңа Жылға бәріміз таза ниетпен, нық қадаммен аттайық. Жаңа Жылға елмен бірге жаңа табыстарға жете берейік!
Қадірлі …! Жаңа … жыл – мерекелі, барлық жағынан берекелі болып, әрдайым мерейлеріңіз үстем, беделдеріңіз биік, абыройларыңыз асқақ болсын! Ырыстарыңыз көп болып, табыстан табысқа жете беріңіздер! Жаңа … жылы ойға алған барлық жоспарларыңыз іске асып, тілектеріңіз орындалсын!
       Ізгі ниетпен:  

Жаңа Жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Құрметті …! Жаңа … жыл өңіріміздің әрбір шаңырағына құт, береке, ырыс алып келсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауызбіршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын! Жаңа Жыл — бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын.

      Бұл күн болмыстағы бояудың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылып, әр шаңыраққа шуақ болып тарайды. Сол себепті ескі Жылдағы қайғы – мұң, өкпе-наздың барлығын артқа тастап, кіріп келе жатқан Жаңа Жылды көтеріңкі көңіл – күймен, таза, тың ойлармен қарсы алу керек. Себебі әрбір кірген жаңа Жылдың өзінің дайындап отырған қуанышы, бақыты мен сыйы болады. Сол жарқын ойды есте ұстай отырып, Жаңа Жыл табалдырығын үмітпен және қуанышты сезіммен аттайық, сонда бізді алда тек қана қуаныш пен бақыт күтіп тұратын болады. Жаңа Жылда үйлеріңіз нұрға, құшақтарыңыз гүлге толсын!
      Құрметпен:
      Құрметті жерлестер!
       Сіздерді келе жатқан Жаңа 202… жылмен кіршіксіз көңіл, ыстық ықыласпен құттықтаймын. Алдағы … жылы Сіздерді тек оң өзгерістерімен, ұмытылмас сәттерімен, қызықты кездесулерімен қуантсын!
     Жаңа Жыл – барлық уақытта да әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мереке болып табылады. Сол себепті де, баршамыз бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, Жаңа Жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалаймыз.
      Қадірлі …! Жаңа жылда Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, мол бақыт, бастарыңызға аманшылық пен мол бақ-дәулет, ашық аспан тілей отырып, еңбектеріңіз жемісті, өмір жолдарыңыз сәттіліктер мен табыстарға толы болсын деп тілеймін!
     Қадірлі жерлестер! Құрметті …!
      Сіздерді есік қағып, кіріп келе жатқан Жаңа … жылмен шын жүректен құттықтаймын!
      Тарих қойнауына аттанып бара жатқан … жылы … оң жаңалықтар мен қуантарлық оқиғалар көп болды. Енді Жаңа … жылы да елімізде тыныштық,  …да жағымды жаңалықтар мен телегей табыстар мол болсын! Қолға алған әрбір істеріңіз бен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыларңызға баянды бақыт пен бақ – береке келсін! Дастархандарыңыз әрқашанда асқа толы, ал аспандарыңыз ашық болсын!
       Жаңа … жыл мерекелі, берекелі болсын. Барлық уақытта да мерейлеріңіз үстем, беделдеріңіз биік, абыройларыңыз асқақ болуына тілектеспін!

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...