Home » PRESS RELEASE » News » САУДА-САТТЫҚ САЛАСЫНДА БІРШАМА ӨСІМ БАР

САУДА-САТТЫҚ САЛАСЫНДА БІРШАМА ӨСІМ БАР

         Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша көрсеткіштеріне тоқтала кетсек.
        Өнеркәсіп. Мақтаарал ауданы кәсіпорындары (шағын, қосалқы кәсіпорындар, үй шаруашылығы секторын қоса алғанда) 2022 жылдың қаңтар-қазанында  кәсіпорында қолданып жүрген бағамен 10093543 млн. теңгенің өнімін шығарып, өнімнің нақты көлем индексі бойынша өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда  81,4 % құрады.
           Ауыл шаруашылығы. 2022 жылдың қаңтар-қазанында  Мақтаарал ауданы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 73438,6 млн. теңгені (қолданыстағы бағамен ) құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 100,6 % болды. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша 60288,8 млн. теңге, мал шаруашылығы бойынша 13095,5 млн. теңгені құрады.
           Сауда. Мақтаарал ауданы бойынша көтерме сауда 3066,4  млн. теңгені құрап өткен жылдың тиісті кезеңіне 101,8 %,  бөлшек сауда тауар айналымы 4190,2  млн. болып өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  106,2  % болды.
            Еңбек рыногы. Мақтаарал ауданы бойынша 2022 жылдың үшінші тоқсанында ірі, орта және шағын кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардағы жұмыс істейтін қызметкерлердің есепті саны 13,1 мың адамды құрады. 2022 жылғы  үшінші  тоқсанына  қызметкерлерге есептелген орташа  айлық атаулы жалақы 208636 теңгені құрап, бұл 2021 жылғы үшінші тоқсанына қарағанда 122,6 %  құрады.
        Демографиялық процестер. 2022 жылдың 1 қазанға  Мақтаарал ауданындағы халық саны 128866  мың адам, халықтың табиғи өсімі 2191  адам, туу- 2614  адам,  қайтыс болғандар  423  адам. Тиісті кезеңде некеге тұрғандар – 612  отбасы,  ажырасқандар-30. Осы кезеңде көші-қон бойынша келгендер 3278 адам, кеткендер- 4647 адам.
         Тұрмыс деңгейі. 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек Мақтаарал ауданы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы, орта есеппен 2022 жылғы қаңтар-тамызымен салыстырғанда  99,3 % болып  және  42409 теңгені құрап отыр.
Р.АЙДАРОВ,
Мақтаарал аудандық Статистика басқармасының басшысы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

БҮЙРЕК

        ...

АҚЫН, ЖУРНАЛИСТ СӘТЖАН БАУЫРЫМА!

Бауырым, құтты болсын туған ...

Ұлттық ойындар күні кеңінен насихатталатын болады

        ...

ҚАЗАҚСТАН ӘЗІРБАЙЖАННЫҢ ФИЗУЛИ ҚАЛАСЫНДА БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ОРТАЛЫҒЫН САЛДЫ

        ...

ТАДЖИКИСТАНУ ОТПРАВЛЕНО ГУМАНИТАРНЫЙ ПОМОЩЬ В ВИДЕ 15 ТЫСЯЧИ ТОНН МАЗУТА

        ...

ТӘЖІКСТАНҒА 15 МЫҢ ТОННА МАЗУТ ТҮРІНДЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ

        ...

ТАСТҮЛЕКТЕР – ТАМШЫ ЖЫРЫ

        ...

ДІН САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ

        ...

БЕКЕРГЕ КЕТКЕН САҒАТ, БОСҚА ӨТКІЗГЕН МИНУТ – ҰЛТ ІСІНЕ ЗОР ШЫҒЫН

        ...

ИСЛАМ ЖАУЫЗДЫҚТЫ ҚОЛДАМАЙДЫ

       Ақиқатында ...