Home » PRESS RELEASE » News » КІТАПХАНАШЫЛАРДЫ КӘСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

КІТАПХАНАШЫЛАРДЫ КӘСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

        Бүгін еліміздегі 19 мың кітапханашы тұңғыш рет кәсіби мерекені атап өтуде. Бұл мерекелік дата кітапханалардың жұмысын жандандырып, сала мамандарының беделін арттыру мақсатында Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен бекітілді.
        Салтанатты іс-шара аясында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев кітапханашыларға «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін табыстады және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хаттарымен марапаттады.
       «Мен еліміздегі 70 миллион дана кітап қорына қамқорлық танытып жүрген барша кітапханашыларды  кәсіби мерекемен құттықтаймын. Менің ойымша, кіптапхана ісінің қажеттілігіне және кітапхана ісінің күрделілігіне ешкім күмән келтірмейді.  Дегенмен қоғам арасында «кітапханалардың ғасыры аяқталды, олардың қызметі қағаз тасығыштар дәуіріндегі атавизм ретінде ескіреді, интернет пен цифрлық трансформация арқасында қоғамдық кітапхананың орнын бір ғана смартфон баса алады» деген сынды теріс пікірлер бар. Мен мұндай пікірмен түбегейлі келіспеймін. Жалпы, технологияға көзсіз табыну мен цифрға деген соқыр сенім біздің ұрпақтың санасын құндылықтарға терең бойлауға мүмкіндік бермей, адастырады деп санаймын», – деді Дәурен Абаев
       Министрдің айтуынша, қазіргі заманғы көпшілік кітапхананың функционалдығы кітаптарды сақтау, жүйелеу, цифрландыру және оқырмандарға ұсыну шеңберінен әлдеқайда көп бағытты қамтиды. Бұл ретте МСМ кітапханалар жұмысының жаңа қағидаттары мен стандарттарын кезең-кезеңімен енгізумен айналысуға дайын.
      «Кітапхана – бұл білімге үңіліп, саналы түрде, жайлы ортада оқуға келетін ғибадатхана. Біз күнделікті күйбең тірлік қарбаластан арылып, руханият әлеміне енуге мүмкіндік туғызатын қастерлі орын. Сондықтан біз кітапхана ісін қолдайтын боламыз. Бұл біздің берік ұстанымымыз», – деп түйіндеді министр.
      Айта кетейік, елімізде 11 мыңнан астам кітапхана жұмыс істейді. Оның 7 мыңнан астамы білім беру жүйесіне қарасты, 3 мыңнан астамы мәдениет және спорт саласына қарасты.
       Фотоларды сілтеме арқылы жүктеп алуға болады: https://drive.google.com/drive/folders/1-G-S-bNpmzRLESP7cXjYBtmzFOSDMoJa
ҚР МСМ баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЙМАҚТАРҒА 1,3 МИЛЛИАРД ТЕНГЕ БӨЛДІ

        ...

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...