Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
«АЛМАТЫМ ЖҮРЕГІМДЕ» ГАЛА-КОНЦЕРТІ ӨТЕДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » «АЛМАТЫМ ЖҮРЕГІМДЕ» ГАЛА-КОНЦЕРТІ ӨТЕДІ

«АЛМАТЫМ ЖҮРЕГІМДЕ» ГАЛА-КОНЦЕРТІ ӨТЕДІ

        КСРО мен Қазақстанның Халық әртісі, «Халық қаһарманы» Роза Бағланованың 100 жылдығы аясында биыл тұңғыш рет «АЛМАТЫДАҒЫ АЛТЫН КҮЗ «ҚАЗАҚКОНЦЕРТПЕН» БІРГЕ» өнер фестивалі өтеді.
           Роза Бағланова ұзақ жылдар бойы Алматыда еңбек еткен. «Қазақтың бұлбұлына» қанат бітіріп, музыка өнерінің биігіне шарықтауына шабыт берген Алматы қаласы десек, артық болмас. Сондықтан «Қазақконцерттің» шығармашылық ұжымы Роза Тәжібайқызы ерекше жақсы көрген Алматы қаласында бірқатар мәдениет ұйымдарында ауқымды мерекелік шаралар өткізуді жоспарлап отыр.
         Фестиваль аясында 20 қазан күні Almaty Theatre-да белгілі эстрада әртістерінің қатысуымен «АЛМАТЫМ ЖҮРЕГІМДЕ» гала-концерті өтеді. Қазақ өнерінің саңлақтары бір сахнада бас қосатын мұндай ауқымды шара – сирек құбылыс!
         Шарада алматылықтар үшін халықтың сүйіктілеріне айналған «Қазақконцерттің» солистері Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Роза Рымбаева, Қазақстанның халық әртістері Алтынбек Қоразбаев, Мақпал Жүнісова, Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Бағдат Сәмединова, Айжан Нұрмағамбетова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жанна Орынбасарова, Құрмаш Махан, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Рухия Байдүкенова, Райым Уайыс, Алибек Әлмадиев, Салтанат Меңдіғалиева, Дидар Әбдухалық, Гүлсім Мырзабекова, Ербол Нариманұлы, сондай-ақ «Азия» және «Меломен» топтары өнер көрсетеді.
          Бұл дүбірлі думанның көрерменге ұмытылмас әсер, керемет көңіл-күй сыйлары анық. Келіңіздер, өнер мерекесінің куәгері болыңыздар!
М.ОРЫНБЕТОВА,
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт»
мемлекеттік концерттік ұйымының
баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...