Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ЖЕЛІЛІК СПАРТАКИАДА ӨТУДЕ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ЖЕЛІЛІК СПАРТАКИАДА ӨТУДЕ

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ЖЕЛІЛІК СПАРТАКИАДА ӨТУДЕ

       Назарбаев Зияткерлік мектептерінде дәстүрлі Тоғызқұмалақтан V желілік спартакиада өтуде
        Биыл дәстүрлі спартакиада Халықаралық бакалавриат мектебінің базасында өтіп жатыр, сайыстың салтанатты ашылу рәсімінде NIS IB оқушылары Нұрсая Үмбетәлі мен Ерасыл Жағалбаев бірегей ойынның тарихы мен ережелеріне тоқталып өтті.
        Төрешілер командасын дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт төрешісі Нұржан Қоңырбаев пен тоғызқұмалақтан Жетісу облысының аға жаттықтырушысы Бауыржан Шурин құраса, биыл олардың қатары тоғызқұмалақтан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Медет Құсайыновпен толықты.
        – Қазақ халқының қайталанбас мұрасына айналып, зият пен дәстүрді тоғыстыратын тоғызқұмалақ ойынына қатысатын оқушылармыздың саны артқаны – біз үшін командалық жеңіс, – деп атап өтті NIS-ті дамыту департаменті директорының орынбасары Аида Ағаділ.
        NIS халықаралық бакалавриат мектебінің намысын Мәнсия Сыздық, Нұрхан Төлеев және Мұқаш Мұратхан қорғайды.
       – Ойын өте тартысты өтуде. Оқушылар спартакиадаға сақадай сай, үлкен іріктеуден өткендері байқалады. Мектебімізден үш оқушысы қатысып жатыр. Жеңістен үміттіміз, — дейді, NIS халықаралық бакалавриат мектебінің тоғызқұмалақтан жаттықтырушысы Альмира Орынбекқызы.
         Жалпы алғанда спартакиадаға Зияткерлік мектептердің жүзге жуық оқушысы қатысады, байқау аясында #Тоғызқұмалақта тапқырлық бар челленджі де бастау алды.
        2020 жылдың соңында тоғызқұмалақ ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра нысандарының тізіміне енгізілді.
NIS халықаралық бакалавриат мектебінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...