Home » PRESS RELEASE » News » ҰЛТТЫҚ СПОРТТАРЫМЫЗДЫҢ ҰЛТ ТӘРБИЕСІНЕ ҮЛЕСІ КӨП

ҰЛТТЫҚ СПОРТТАРЫМЫЗДЫҢ ҰЛТ ТӘРБИЕСІНЕ ҮЛЕСІ КӨП

        Ата көрген  оқ жонар деген  біздің қазақ.  Атадан  балаға мирас  болған   ұлттық  құндылықтарымыздың  қадірімен   қасиетіне  қаншалықты  қам  жеп жүрміз?
      Елге қызмет  ету  мінезден  деді  әлихан бөкейхан. Елім дейтін  ерлер  болуы  үшін   ерім   дейтін  еліде  болуы  керек.  Ұлттық  рухты ояту   үшін  ұлттық спорттарды  көбірек   насихаттай  білуіміз  қажет.   Ұлттық ойындармен  дәстүрлі  спорттарда соның  бәрі  жеткілікті.  Асық ату, тоғызқұмалақ, жеті тас, көкпар,  қыз қуу, теңге  ілу,  садақ  атумен  жамбы  ату  спорттары  нағыз қазақтың  қанымен   кіріп,  сүйегіне  сіңген  спорт   түрлері.  Ресейдің  жетпіс  жылдық   солақай  саясаты  бізді  осы спорт  түрлерінен  қанша   алыс  алшақтатқысы  келседе бірақ  біржола  ұмыттыра  алмады.  Себебі  қазақта  есі  кірген  ескісін  іздейтін  керемет   қасиетке  ие  халықпыз.  Еліміз  егемендікке  ие  болғаннан   бастап,  ұлттық  спорттың  ұтымды  жақтарын  ұмытпаған  ел  бірте  бірте  қолға  ала бастады.  Наурызды да    нақышына  келтіре  тойлай  бастадық.  Қыз  қудық,  теңге  ілдік,  аламан  айтыстар  ай  сайын болмасада, алты ай  сайын   бола  бастады.   Бірақ  ұлттық    дәстүрлі  садақ  ату  спорты  кенже  қалып,  көпшілік  көп   көңіл   бөле  қоймады.  Садақ  спортының  жарнамасы  жоқ, көгілдір  экрандардан  көп  ақпараттар  болмады.  Дәстүрлі  садақтарды   қолдан  қюуын  келтіре  құрастыратын  ұсталар  жоқтың  қасы  еді.  Бірақ  қанында  мергендік қасиеті  бар  қазақ  бұл  дәстүрлі  садақ  спортын  соңғы  бес  жылдар  шамасында  қайта  жаңғыртуға  жанын  салды.  Еліміздің   әр облыстарында  дәстүрлі  садақ  спорты  қанатын кең  жайып  жоғары  жылдамдықпен  дамып  келеді.  Қәзіргі  жастарымыздың  санасын  сенцор билеп, қолында  құнды   кітабы  емес,  қалтасындағы  қымбат  ұялы  телефонына  тәуелді  болған  жахандану  дәуірінде     дәл  осы  садақ   спорты   ауадай   қажет спорт түрі.
       Қойды  аслдандыру  үшін шет  мемлекеттерден   асыл   тұқымды   қошқарлар   алдырса,  жылқымен  ірі  қара  малынада  қыруар  қаржы  төгіп  асылдандыру  үшін мемлекет барын  салуда.
        Ал  ұлтымыздың  болашағы  жастарымызды   асылдандыру  үшін  алты  мұхит  асырып, ағылшынша   америкада оқытуымыз  оңтайлы тәсілме?  Әрине  жоқ.  Баланың  бойына  елін, жерін, отанын  сүйетін  ұлтжанды  тәліммен  тәрбие талбесіктен  қажет.  Бала  бос  шелек  сияқты   ішіне  не  құйсаң  соны   алады.  Ұяда  не  көрсе  болашақта  соны  қайталайды.   Ендеше  ұлт  үшін  ұйқыдан  оянып, ұлттық  дәстүрлі   спорттарымызды  дереу  дәріптеуіміз  қажет.  Баланың  бойына  жастайынан  ұлттық  құндылықтарымызды  құйып  отырсақ,  қара  көз  қыздарымыз  қара  қытайға  келіншек, жастарымыз  еріншек,  еліміз көрші  мемлекеттерге  белшесінен   берешек   болмас па  едік?   Өз  ұлын  қатты  жақсы  көріп  сүйген   адам  ұлтында  дәл  солай  сүюі  керек. Сонда  ғана  елі  үшін  ерінбейтін,  халқы  үшін  қайыспайтын,  отаны  үшін  оттанда  қорықпайтын,  қасқырдай  қайсар  мінезді  ұрпақтар  шығатыны  шындық.  Ал  ол  үшін   ұлттық спорттарды   ұлықтап,  дәстүрлі   спорттарды  дәріптеу  кезек  күттірмейтін  күрделі   мәселе.  Ал  әр  мәселеге  мән  беріп  қарау  болашаққа  батыл  қадам   жасау деген  сөз.  Болашақ  берік  болуы   үшін  белді  бүгіннен  бастап  бекем  бууымыз  қажет.  Қазақшасын  қинала  сөйлеп, тілі  шықпаған  баладай  былдырлап,  ал  ағылшынша  еркін  айқайлап  сөйлейтіндер  алты  тілді  анық   білсе де  ана  тіліне  неге  шорқақ?
        Себебі  ұлттық   құндылықтардан   қалғып  жүріп   құр  қалған,  дәстүрлі  спорттық ойындарымызды  санасы  селт  етіп   сезінбегендер  елі  үшін де  жүрегі  езілмейтіні  айдан  анық.  Бабаларымыз  ел  боламын  десең  бесігіңді  түзе дегені,  баланы  бастан  ұлттық  құндылықтармен  қызықтырып,  дәстүрлі   спорт ойындарымен  тығыз  байланыстыра  білуіміз  керек.
        Қәзіргі  бала  болашақ аға. Болашақ  аға  келешек  кемеңгер дана.  Ал дана  адам  мемлекеттің  маңызды  бөлігі.  Яғни  қазіргі  кішкентай  бала  болашақ  мемлекетпен  еңсесі  биік  ел.  Ел  боламын десең  бесігіңнен  баста  дегені  даналарымыздың  дөп тауып  айтқаны.
        Ендеше  ұлының  емес, ұлтының  қамын  жейтін  ұрпақтарымызды  бүгінен  бастап  ұлттық  ойындарды  ойларына,   дәстүрлі спорттарымызды санасына  сіңдіріп  өсіруге  сіз  болып, біз болып,  бәріміз бірге  атсалысайық   ағайын! 
Махамбет СӘТБАЕВ,
Ұлттық спорт ойындары бойынша білім  магистрі.
Дәстүрлі садақ спортының бапкері.
 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЙМАҚТАРҒА 1,3 МИЛЛИАРД ТЕНГЕ БӨЛДІ

        ...

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...