Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
«АРҚАНЫҢ ӘН-КҮЙ МҰРАСЫ» ДӘРІС-КОНЦЕРТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » «АРҚАНЫҢ ӘН-КҮЙ МҰРАСЫ» ДӘРІС-КОНЦЕРТІ

«АРҚАНЫҢ ӘН-КҮЙ МҰРАСЫ» ДӘРІС-КОНЦЕРТІ

        Құрметті өнерсүйер қауым! Сіздерді Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының ұйымдастыруымен өтетін «Арқаның ән-күй мұрасы» атты дәріс-концерт кешіне шақырады.
        Өтетін күні мен уақыты: 11 қазан, 19.00 Өтетін жері: «QAZAQSTAN» ОКЗ (Мәңгілік ел, 10/1)
        Қазақтың киелі қара домбырасы мен қобыз үнімен айтылатын дәстүрлі әндер легі сонау ықылым заманнан бері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келеді. Бұдан бөлек жетіген, сыбызғы, шертер және адырна аспаптарымен айту өнері дәстүрлі ән-күй мектебінде кеңінен қалыптасқаны белгілі.
        Атақты Біржан сал мен Ақан сері, Майра Уәлиқызы, Шашубай сынды біртуар өнерпаздардың есімі Арқаның дәстүрлі өнер мектебімен тығыз байланысты. Заман талабына сай дәстүрлі ән өнері қазір де насихатталып, жан-жақты даму кезеңіне өтті.
       Концерттік іс-шараның мақсаты – Арқаның дәстүрлі әншілік және күйшілік өнерінің дамуына атсалысу, музыкалық және поэзиялық бағыттың ерекшелігін халыққа тереңірек түсіндіру болып табылады.
       Арқа өңірінің салсерілері мен күйшілердің туындыларын концерттік ұжымның «Халық қазынасы» ұлттық өнер бөлімінің өнерпаздары орындайды. Іс-шараға белгілі күйші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанғали Жүзбай, ҚР Мәдениет қайраткері Толғанбай Сембаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Құмарбек Қалқатай, Клара Төленбаева, ҚР Мәдениет саласының үздігі Қайрат Айтбаев және Перизат Тұрарова, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Дінисламбек Жайлаубай, Айзат Қарабек, «Дарын» жастар сыйлығының иегерлері Ардақ Елеусіз, Асқар Мұқият пен республикалық байқаулардың лауреаты Аман Сәдуов қатысады.
        Рухани кемелденіп, ерекше әсер сыйлайтын әдемі кештен қапы қалмаңыздар! Біз сіздерді күтеміз, құрметті көрермендер!
Н.ЕСЕНГЕЛДІ,
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт»
мемлекеттік концерттік ұйымының
баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...