Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
МЕМЛЕКЕТКЕ 523 МЛРД ТЕҢГЕГЕ КЕЛТІРІЛГЕН ЗАЛАЛ ӨТЕЛДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » МЕМЛЕКЕТКЕ 523 МЛРД ТЕҢГЕГЕ КЕЛТІРІЛГЕН ЗАЛАЛ ӨТЕЛДІ

МЕМЛЕКЕТКЕ 523 МЛРД ТЕҢГЕГЕ КЕЛТІРІЛГЕН ЗАЛАЛ ӨТЕЛДІ

       Үш ай ішінде 523 млрд теңгеге мемлекетке келтірілген залал өтеліп, заңсыз алынған активтер қайтарылды
Экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмысының үш айында жалпы 523 млрд-тан астам теңгеге мемлекетке келтірілген залал өтеліп, активтер қайтарылды. Бұл туралы комиссияның ресми өкілі Зейін Әліпбек хабарлады.
– Қылмыстық істерді тергеп-тексеру аясында мемлекетке шамамен 518 миллиард теңге, оның ішінде шетелдік юрисдикциялардан 173 миллион АҚШ доллары өтелді. Прокурордың актілері бойынша мемлекет кірісіне 5 миллиардтан астам теңгеге 75 мың гектар жер қайтарылды, сондай-ақ 600-ден астам теміржол және оларға қатысты жер учаскелері қайтарылды, — деп нақтылады Әліпбек.
Еске сала кетейік, Комиссия Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен құрылған болатын. Оны ҚР Бас Прокуроры Берік Асылов басқарады, оның құрамына құқық қорғау, орталық атқарушы органдар мен ведомстволардың бірінші басшылары кіреді.
* * * *
Кедендегі олигополиямен күрес: 7 оператордан шамамен 60 млрд теңге өндіріліп алынды
Экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия Үкімет актілері мен сот шешімдерін, оның ішінде мемлекеттік активтерді олигополиялардың пайдасына жекешелендіру және иеліктен шығару туралы шешімдерді зерделеуді жалғастыруда. Комиссияның ресми өкілі Зейін Әліпбек хабарлағандай, қабылданған шараларға байланысты олардың кейбіреулері бойынша нәтижелер бар.
— Бұрын хабарланғандай, Бас прокуратура жүргізген тексерулердің қорытындысы бойынша 10 уәкілетті экономикалық операторға 107 млрд теңге кедендік төлемдер мен салықтар қосымша есептелді.
Биыл тамызда 6 оператор («Almobi Group», «Ехргеѕѕ Кеден Сервис», «Group of the companies TDA», «Ai-To Progress», «Global Logistics Ved» және «TL NIKA кеден» ЖШС) бюджетке 2,7 млрд теңгені өтеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі «Tex Alliance» ЖШС-ға қатысты тергеп-тексеру аясында қабылдаған шаралардың нәтижесінде биыл 2-15 қыркүйек аралығында 56,9 млрд теңге өндіріліп алынды, — деді Зейін Әліпбек.
Бұдан басқа, қадағалау актісі бойынша мемлекет кірісіне «КазГерСтрой БК» ЖШС-дан Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігі алдындағы міндеттемелерін орындамағаны үшін 330 миллион теңге мөлшерінде залал өндіріліп алынды. «Қызылжар орман шаруашылығы» КММ мемлекеттік мүлкі СҚО әкімдігінің теңгеріміне қайтарылды, ол 149 миллион теңгеге «TranscomLTD» ЖК-нің пайдасына заңсыз иеліктен шығарылған. Сатып алу-сату шарты бұзылды.
Комиссия жұмысының үш айы ішінде барлығы 523 млрд теңгеге мемлекетке келтірілген залал өтелді және активтер қайтарылды.
* * * *
Олигополия субъектілерінің пайдасына бұрын шығарылған сот шешімдері ҚР Бас прокуратурасының наразылықтары бойынша қайта қаралуда
Экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия сонымен қатар олигополияның меншігіне берілген объектілерді сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану және мемлекетке қайтару бойынша жұмыс жүргізуде.
Бүгінгі күні, Комиссияның ресми өкілі Зейін Әліпбектің ақпараты бойынша, соттарда жалпы 13,5 млрд теңгеге жуық мүлікті мемлекеттік меншікке қайтару туралы прокурордың 10 талап қоюы қаралуда.
Олардың ішінде: астаналық «Шапағат» базары; Шымкенттегі қоқысты қайта өңдеу кәсіпорны – «Таза қала» МКК және «ЛТД Тұрмыс» ЖШС; Шымкенттегі «Қазақ инновациялық университеті» ЖШС-ға тиесілі, құны 4,5 млрд. теңге болатын 150 гектар жер учаскесі; «Сарыағаш» санаторий-курорттық кешеніндегі 1,44 гектар жер; Ақмола облысындағы 17 мың гектар жер учаскесі; Алматыдағы құны 2,9 миллиард теңге болатын 3,84 гектар жер учаскесі; бағалау құны 1,5 миллиард теңге болатын «Найза-БН» ЖШС («Барыс-4» базары) жарғылық капиталының 65%-ы.
— Бұдан басқа, активтерді кейіннен шығару, экономикалық ресурстарды монополиялық (олигополиялық) шоғырландыру мақсатында мемлекеттік мүлікті заңсыз иелену, міндеттемелерден, оның ішінде салықтық міндеттемелерден жалтару фактілерін анықтау тұрғысынан азаматтық істер бойынша сот актілеріне тексеру жүргізілуде.
Қазір 21 миллиард теңгеге олигополия өкілдерінің пайдасына шығарылған сот шешімдерін қайта қарау туралы Бас прокуратураның 11 наразылығы Жоғарғы Соттың қарауында жатыр, — деп хабарлады Зейін Әліпбек.
Активтерді қайтару жөніндегі комиссия жұмысының үш айы ішінде барлығы 523 млрд теңгеге мемлекетке келтірілген залал өтелді және активтер қайтарылды.
* * * *
Экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның веб-сайты жасалды
 Ашықтықты қамтамасыз ету және жұмыс нәтижелері туралы халықты жедел хабардар ету үшін Комиссияның веб-сайты іске қосылды (https://www.gov.kz/memleket/entities/komissiya?lang=kk), ол мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында орналастырылған.
Онда арнайы бөлім бар, сол арқылы сайтқа кірушілер хабарлама қалдыра алады немесе Комиссия қызметінің мәселелері бойынша ұсыныс енгізе алады, — деп хабарлады Комиссияның ресми өкілі Зейін Әліпбек.
Экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы
іс-қимыл мәселелері жөніндегі
ведомствоаралық комиссия.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...