Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫ АУСТРИЯДА КӨРМЕГЕ ҚАТЫСЫП ЖАТЫР - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫ АУСТРИЯДА КӨРМЕГЕ ҚАТЫСЫП ЖАТЫР

ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫ АУСТРИЯДА КӨРМЕГЕ ҚАТЫСЫП ЖАТЫР

          Қазақ балалары Венада алғаш рет «One world. New generation» мәдени шаралар апталығы аясында сурет көрмесіне қатысып жатыр. Көрмені ресми түрде Қазақстанның Аустриядағы Елшісі Қайрат Омаров ашты.
          Байқауға қатысушылар республикалық «Жануарлар – менің достарым» және «Менің жасыл планетам» балалар суреті байқауларының жеңімпаздары. Байқаулар 2020 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қамқорлығымен өткен. ҚР Бала құқығы жөніндегі уәкіл Аружан Саин идеялық шабыт берушісі болды. Бастаманы Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін атап өту аясында БҰҰ қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы, ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Балалар Бейбітшілікті Салады» және «Мейірімділік» қорлары қолдады.
        «Ересектер кіп-кішкентай қорғансыздарды қалай қаңғытып қояды, бұл менің миыма сыймайды. Адамдық қасиетімізді жоғалтпайықшы, үй жануарын және жер шарындағы барлық жануарды қорғайық, — деді Сарыөзек ауылынан қатысқан Ақжан Қайырбекқызы.
       Байқау адамзатты жануарларға деген қарым-қатынасты өзгертуге және қатыгездікке жол бермеуге үндейді. Тақырыпқа терең үңілген 6000-нан астам  қазақстандық бала тек сурет салып қана қойған жоқ, сонымен қатар ересектерге арнап эссе, бейнеүндеу жазып, қатыгездікті сынады, мейірімділік пен махаббатқа шақырды.
       «Балаларымыздың жанайқайы еленетініне үмітіміз зор. Сондай-ақ олардың ересектерге, Парламентке және Қазақстан Үкіметіне жасаған ұсынысы жер шарын, Қазақстанымызды, табиғатты, жануарлар әлемін сақтап қалуға ықпалын тигізері сөзсіз. Балалардан бұрын, ересектердің санасы өзгерісті қажет етеді, неге десеңіз, бала жағдайы мен ғаламшарымыздың қауіпсіздігі соларға байланысты», — деп атап өтті Қазақстандағы Бала құқығы жөнінде уәкіл Аружан Саин.
        Апталық аясында жас жеңімпаздардың туындысын БҰҰ Венадағы бөлім жетекшісі Гада Вали, аустриялық парламент депутаттары, бірқатар мемлекет елшілері, ЕҚЫҰ басшылары, сондай-ақ Вена мэриясы мен жергілікті мемлекеттік білім органдары бағалады.
        Венадағы байқауға 10 жас талант Еуропа жүрегіне Қазақстанның Аустриядағы Елшілігінің және Бас демеуші EduStream компаниясының қолдауымен қатысып жатыр.
Аяжан МАДИБЕКОВА.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...