Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
АРДАГЕРЛЕРГЕ СЫЙ-СИЯПАТ ЖАСАЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » АРДАГЕРЛЕРГЕ СЫЙ-СИЯПАТ ЖАСАЛДЫ

АРДАГЕРЛЕРГЕ СЫЙ-СИЯПАТ ЖАСАЛДЫ

          Ардагер – құрметті, ардақты, қадірлі адам деген мағынаны білдіретін этикалық ұғым. Ел қамын ойлап, намысын қорғаған, елеулі еңбек сіңірген абыройлы адамды халық «АРДАГЕР» деп жоғары бағалайды. Жеке адам қоғамда ерекше істерімен, ақыл-парасатымен, адамгершілік асыл қасиетімен, беделімен жұртшылыққа танылғанда ғана ардагер бола алады.
          Міне, осындай ел ағалары атанған ардагерлерге арнап ашылған Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Асыл қазына және Тең қоғам» КММ орталығында аудандық ардагерлер кеңесі мен «Варшава келісімі мен Орталық Әскер тобының ардагерлер одағы» қоғамдық бірлестігі Жетісай ауданы бойынша филиалының ұйымдастыруымен арнайы іс-шара болып өтті.
          Шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Омар Есенбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтбай Маханбетов, «Асыл қазына және Тең қоғам» КММ директоры Бауыржан Норбаев пен аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Нұрлыбек Мутаев, «Варшава келісімі мен Орталық Әскер тобының ардагерлер одағы» қоғамдық бірлестігі мүшелері мен ҰОС ардагері Попков Петр Кузьмич қатысты.
       1955 жылы достық, әріптестік және өзара көмек жөнінде Албания, Болгария, Мажарстан, ГДР, Польша, Румыния, Чехословакия және КСРО арасында «Варшава келісімі» негізінде құрылған әскери-саяси одаққа мүше болған бірқатар азаматтарға қоғамдық бірлестіктің аудандық филиалы төрағасы Бауыржан Зияхановтың алғыс хаттары мен «Герман жерінде интернационалдық борышын өтегені үшін» төсбелгілері, аудандағы ҰОС соңғы ардагерінің иығына шапан жабылып, азық-түлік себеті табыс етілді.
          Ауданда құрылғанына көп бола қоймаса да қоғамдық істерде белсенділік танытып жүрген «Варшава келісімі мен Орталық Әскер тобының ардагерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің бүгінде ауданда 120-ға тарта мүшесі бар. Бірлестік мүшелері алдағы уақытта да белсенділіктерін арттыруға, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс жүргізуге ниетті.
           Жиын соңында мекеме басшысы Бауыржан Норбаев орталықта дәрігерлік кеңестер беріліп, тұзбен емдеу, сенсорлық бөлме, емдік физкультура-йога, тренажер залы, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру, психологиялық және құқықтық көмектер, емдеу және жақсарту психологиясы сынды әлеуметтік қызметтер көрсетілетінін айтып, ардагерлерді өмір белсенділігін арттыруға, бос уақыттарын тиімді өткізуге шақырды.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОЗЕРКИ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНДЕ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        ...