Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

         Жетісай ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің 28.07.2022 жылғы №22 шешімін орындау, мемлекеттік қызметшілердің жұмысын, жеке уақытын тиімді жоспарлау мақсатында, Жетісай ауданы әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында «Жеке тиімділікті дамыту: тайм менеджмент» тақырыбында семинар-трениг өтті.
        Семинар-тренигке Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Түркістан облыстық филиалының қызметкері аға оқытушы Нұрбай Досанов қатысып, арнайы дайындалған слайд мәліметтері арқылы еркін пікір алмасу форматын жүргізді.
         Семинарға Жетісай ауданы әкімі аппаратының, дербес бөлімдердің, қала, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері қатысты.
        Жиын барысында күнделікті жұмыс уақытын тиімді жоспарлау мен тайм менеджмент қағидаларын өмірде қалай дұрыс пайдалану керектігі жөнінде мемлекеттік қызметшілерге толыққанды түсіндірілді. Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар енгізілді.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...