Home » PRESS RELEASE » АУДАНДА АУЫЗ СУ МЕН ГАЗ МӘСЕЛЕСІ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІЛІП КЕЛЕДІ

АУДАНДА АУЫЗ СУ МЕН ГАЗ МӘСЕЛЕСІ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІЛІП КЕЛЕДІ

          Аудан әкімі Мұрат Қадырбектың тапсырмасына сәйкес аудандағы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында округтердегі елді мекен тұрғындары мен әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандарды газдандыру, сапалы таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп, кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде аудандағы 113 елді мекеннің 56-сы көгілдір отынға қосылып, газ пайдаланушылардың саны аудан тұрғындарының 52,8 пайызын құрап отыр.
       Бүгінде Жаңа ауыл ауылдық округіне қарасты Әбдіхалық, Атақоныс, Қарой, Мырзашөл, Қызылқұм ауылдық округінің Ақтөбе, Алғабас, Киров, Көбек, Қосқұдық, Қызылқұм, Қызылту, Мақталы, 1 Мамыр, Түркебай, Жалпаққұм, Ж.Ералиев ауылдық округіндегі Ғ.Мұратбаев, Абай ауылдық округі Отан, Бейбітшілік және Мақталы ауылдық окрігінің Дархан, Сарқырама, Шолпанқұдық, Темір жол, Жайлаукөл 23 елді мекеннің газ өткізгіші құрылысын жүргізуге сараптаманың оң қорытындысы алынып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жұмыстар толығымен аяқталған соң тағы 23 831 жетісайлық тұрғын көгілдір отынды тұтынатын болады.
        Сонымен қатар, аудан тұрғындарына қажетті мөлшерде газ жеткізіп беру, табиғи отын тапшылығын болдырмау мақсатында сметалық құны 3,8 млрд теңгені құрайтын Қарақай ауылдық округінде «Жетісай» және Ынтымақ ауылдық округінде «Киров» АГТС салу жұмыстары «БатысМұнайГазЖабдықтары» ЖШС тарапынан бекітілген кестеге сай жүргізіліп келеді.
Сала мамандарының айтуынша екі бірдей автоматтандыру газ таратқыш станциясы іске қосылған жағдайда аудан тұрғындары тұтынып келген 18 мың текше метр газға қосымша 50 мың текше метр қосылатын болады.
         Одан бөлек, аудан басшысының тапсырмасымен Қазыбек би ауылдық округінің Құрбан ата елді мекені мен Ж.Ералиев ауылдық округінің С.Сейфуллин елді мекенінің ауыз сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңартуға жоба дайындалып, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін тиісті салалық басқармадан қаржы бөлдіруге ұсыныс енгізілген. Жоба жүзеге асқан жағдайда 4417 тұрғынға таза ауыз су жеткізіп берілетін болады.
Бауыржан НАЙМАНОВ, 
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...