Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
МЫРЗАКЕНТТЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН КОНЦЕРТТІК КЕШ ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » МЫРЗАКЕНТТЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН КОНЦЕРТТІК КЕШ ӨТТІ

МЫРЗАКЕНТТЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН КОНЦЕРТТІК КЕШ ӨТТІ

        Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің болашағы саналатын балалар үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін айтып, 2022 жылды «Балалары жылы» деп жариялаған болатын. Осыған байланысты ауданымызда аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен балаларды қорғауға, сапалы білім беруге және спорт, мәдени іс-шаралармен айналысуына барынша жағдай жасалуда.
        Күні кеше аудандық «Мақтаарал» мәдениет үйінің ұйымдастыруымен аудан орталығы Мырзакент кентіндегі «Жастар» гүлзарында балаларға арналған конецерттік кеш өтті. Іс-шара барысында түрлі әндер айтылып, ойындар ойнатылып, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.
        Балалар жылына арналған «Жаз келді, жадырап» атты концерттік бағдарламаға келуші көрермендердің қарасы көп болды. Көңілді кеште аудан басшысының атынан балаларға түрлі сыйлықтар үлестірілді.
        Айта кетейік, ауданда балалар жылына байланысты және балалардың спортпен шұғылдануы үшін Мырзакент кентінде үлкен спорт сарайының құрылысы, 7 елдімекенде шағын футбол алаңшалары салынып жатыр. Сондай-ақ, аудан орталығында ата-аналар мен балалардың тынығып демалуы үшін орталық саябақтың құрылысы басталғалы тұр.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...