Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА ЖАДЫНАМАЛАР ТАРАТЫЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА ЖАДЫНАМАЛАР ТАРАТЫЛДЫ

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА ЖАДЫНАМАЛАР ТАРАТЫЛДЫ

          Өкінішке орай, кей жағдайларда «өтпелі жаста» болатын жасөспірімдер психологиялық тұрғыдан қателіктер жіберіп алып, нәтижесінде соның өкінішті салдарын өмір бойы тартады немесе жастай бақилық болып жатады. Осындай жағдайларға жол бермеу бағытында Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мекемесінің психологтары өздеріне бекітіліп берілген аймақтарда тындырымды жұмыстар атқаруда.
        Осы орталықтың психолгтары белгіленген кестеге сәйкес, бүгінде ауданымыздағы жасөспірімдер арасындағы – ерте жүктілік, аутодеструктивті мінез-құлық бойынша ыстық нүкте болып табылатын «Жаңа ауыл» ауылдық округінің «Әбдіхалық» және «Ынтымақ» лдімекендерінің тұрғындарына ерте жүктілік, аутодеструктивті мінез-құлық алдын алу мақсатында жадынамалар таратты.
       Түсіндіру жұмыстары барысында, олар елдімекен тұрғындарымен кездесулер өткізіп, оларға  «өтпелі жастың» жас адамның психологиясының толық қалыптасуына әсер ететін маңызды фактор екендігі түсіндірілді. Сонымен қатар, бұл кезеңде жастардың жанының нәзік, уайымға, кез-келген сәтсіздікке тез берілгіш болатындығы, жеткіншектік шақта адамның қалыптасуы сана-сезімінің дамуындағы өзгеріспен анықталатындығын айтылды. Егер де оларға дер уақытында қажетті психологиялық кеңестер берілмесе, онда бұл өмірде ненің дұрыс, ненің қате екенін жөнді ұғынбайтын жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтар, әлімжеттік, бопсалау, ерте жүктілік пен жыныстық тиіспеушілік, суицид сынды өзекті мәселелердің туындайтыны түсіндірілді.
      Елдімекен тұрғындарымен өткен кездесулерде сонымен қатар, жастарға қатысты ауыл тұрғындары тарапынан қойылған өзекті сауалдарға жан-жақты әрі тұщымды жауаптар қайтарылды. Сонымен қатар, жас буын үшін олардың ересек туыстарының да жауапкершіліктері  бар екендіктері де түсіндірілді.
Ұлжан СӘБИТ,
Жетісай ауданы.
 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...

«ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ» — ҰЛТТЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ!

        ...

«ЕҢБЕК АДАМЫ» КЕЙІПКЕРІ: АҒА МЕЙІРБИКЕНІҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫ – ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ!

        ...

АЯГӨЗ АУДАНЫНДА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МЕДАЛЬДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

АУЫЛДЫҚ МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА «КІТАПҚА — ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ТАРИХ ТАРТУЫ — ТӘУЕЛСІЗДІК» КВИЗ САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ БЕЛДІ МҮШЕСІ ВИЦЕ-МИНИСТРДЕН МАРАПАТ АЛДЫ

        ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИЛІК» ИДЕОЛОГЕМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ (АОБӨФ) ТӨРАҒАСЫ — «ОЙШІЛІК» АУЛЫНДА БОЛДЫ

        ...