Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ҚАЗАҚСТАН МЕН ТӘЖІКСТАН ҒАРЫШТЫҚ БАЙЛАНЫС ҚЫЗМЕТТЕРІН КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ ШАРТҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ҚАЗАҚСТАН МЕН ТӘЖІКСТАН ҒАРЫШТЫҚ БАЙЛАНЫС ҚЫЗМЕТТЕРІН КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ ШАРТҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

ҚАЗАҚСТАН МЕН ТӘЖІКСТАН ҒАРЫШТЫҚ БАЙЛАНЫС ҚЫЗМЕТТЕРІН КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ ШАРТҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

        Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ және «Исател» ЖШҚ (Тәжікстан) «Kazsat-3» ғарыш аппаратының транспондерлік сыйымдылығын ұсыну бойынша қызметтерді көрсету туралы шартқа қол қойды.
         Құжатқа сәйкес, Тәжікстанда қазақстандық жерсеріктік байланыс ресурстары арқылы еліміздің алыста орналасқан елді-мекендері  үшін байланыс арналары ұйымдастырылады.
        Шартқа «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Василий Леонов пен «Исател» ЖШҚ директоры Умед Тагоев қол қойды.
          «Исател» ЖШҚ компаниясы «Телерадиоком» ААҚ еншілес ұйымы және Тәжікстандағы байланыс операторы болып табылады. Оның Душанбе қаласында өзінің телепорты және желілік басқару станциясы бар, елдің мемлекеттік органдары мен жеке компаниялары үшін Интернетке қол жетімділікті қамтамасыз етеді.
         Халықаралық нарыққа шығу – екі байланыс жерсерігінен және жерүсті басқару кешендерінен тұратын, «Kazsat» ғарыш жүйесін сәтті басқаратын Қазақстан Республикасының ұлттық ғарыштық байланыс операторы — «РҒБО» АҚ маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
        Қазақстанның жерсеріктік байланыс жүйесі еліміздің байланыс қызметтері қажеттілігін толығымен қамтамасыз етеді, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ Қырғыз Республикасына да ғарыштық байланыс өнімдерін жеткізеді.
        Цифрлық индустрия қызметтерінің экспортын ұлғайту – бұл міндетті ел Президенті Қазақстан халқына Жолдауында мемлекет экономикасын дамытудың құрамдас бөліктерінің бірі ретінде атап өтті.
        Ғарыштық байланыс саласындағы жаңа халықаралық шартқа қол қою «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ ұжымының кәсіби жұмысының нәтижесі болып табылады және Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан арасындағы ынтымақтастықтың жаңа даму келешегін ашады.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Әрбір дауыс – жауапкершілік, әрбір таңдау – болашаққа қосылған үлес

        ...

ЖАҢА ҚОНЫС ИЕЛЕРІНЕ ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

ЕРІКТІ ҚОНЫС АУДАРУҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КҮШЕЙТІЛДІ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА САЯСИ МОДЕЛІ: ҚОҒАМ НЕ ҰТАДЫ?

       Қазақстан ...

РУХАНИ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫҢ – ӨЗ БОЛАШАҒЫҢ!

       Ағымдағы ...

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫНДЫ ЖАСА!

       Әрбір ...

ӘРБІР ДАУЫС МАҢЫЗДЫ, ӘРБІР ТАҢДАУ ҚҰНДЫ!

        ...

ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

        ...