Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ТАБИҒАТТЫ АЯЛАУ -ТАЗАЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ТАБИҒАТТЫ АЯЛАУ -ТАЗАЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

ТАБИҒАТТЫ АЯЛАУ -ТАЗАЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

           «Тазалық – денсаулық кепілі», «Дені саудың – жаны сау» деген аталы сөздерді текке айтпаған халқымыз қашан да қоршаған, өмір сүретін ортасының экологиялық таза болуына ерекше көңіл бөлген. Өйткені, елдің келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын ұстанатын, қауіпсіз ортада өмір сүретін өскелең ұрпақтың қолында екенін жақсы білген. Дені сау азамат қана қоғамның толыққанды мүшесі бола аларын жақсы ұғынған.
               Осыған орай бүгін Жетісай ауданында Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қ.Әбдуәлиевтің хатына және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің тапсырмасына сәйкес «Birge – taza Qazaqstan» Республикалық тазалық акциясы болып өтті.
             Ауданның көркіне көрік қосу, тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында өткен тазалық жұмыстарында Жетісай қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлер мен жекеменшік секторлардың аулаларында, көшелер мен үйіргелік жерлерінде, сонымен қатар, «Достық» магитральды каналының К-26 каналының арнасы мен «Шардара» су қоймасының ауданға қарасты аймағында тазалау, қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді.
Сенбілік барысында саябақтар мен көшелер, арық-атыздар тазаланып, арнайы қоқыс полигондарына шығарылды. Тазалық жұмыстарына жергілікті әкімдіктердің қызметкерлері мен волонтьерлардан 500-ге тарта азамат пен қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға 8 техника жұмылдырылды. 40 тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.
             «Өзін, отбасын сыйлайтын әрбір адам тазалық жұмыстарын жылдың барлық мезгілінде жүргізуі тиіс. Ауданның әрбір тұрғыны өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстаса, бұл олардың өңір тазалығына қосқан үлесі. Ауданда осындай сенбіліктердің жиі өткізілуі қоғамның назарын көше тазалығын сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызы зор» дейді Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Әшірбай Тасов.
           Ауданда жүргізілген әрбір тазалық жұмыстарына қатысушылардың саны күн санап артып келеді. Бұл – тұрғындардың туған өлкеге деген махаббаты, жанашырлығы екені анық. Мұнан бөлек аудан аумағындағы қала, кент, ауылдық округтерде тазалықты сақтау мақсатында арнайы түсіндіру жұмыстары да тынымсыз жүргізіліп отырғанын айтуымыз керек.
        «Ортақ үйіміздің көркейіп, гүлденуіне әрбір тұрғын бей-жай қарамай, қоқыс-қалдықтарды кез-келген жерге лақтырмай, таза ұстауға атсалысуы қажет. Сонда ғана біз болашағымыз үшін қауіпсіз, экологиялық таза орта қалыптастыра аламыз» дейді Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Берік Мамбетов.
            Аудан басшысының орынбасары Әшірбай Үсенбайұлының жетекшілігімен арнайы тазалық сақтау іс-шараларының жоспарлары бекітілген.
        Айта кетуіміз керек негізінен тәрбие бар жерде ғана тазалық болады. Ал, тазалық болған жерде денсаулық, өмір, өсімнің болатыны анық.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОЗЕРКИ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНДЕ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        ...