Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР САХНАДА ӨНЕРЛЕРІН ПАШ ЕТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР САХНАДА ӨНЕРЛЕРІН ПАШ ЕТТІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР САХНАДА ӨНЕРЛЕРІН ПАШ ЕТТІ

      Мақтаарал ауданында 23 маусым — ҚР Мемлекеттік қызметшілер күні кәсіби мерекесіне арналған салтанатты кеш өтті.
       Мерекелік іс-шараға аудан әкімі м.у.а. Бейсенбай Төребеков арнайы қатысып, барша мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтады. Сонымен қатар, белсенді еңбегімен көзге түскен бірнеше қызметшілерд3 алғыс хатымен марапаттады.
      «Мемлекеттік қызметкердің оң имиджін қалыптастыру – қиын және ұзақ үрдіс. Сіздің беделіңіз – мемлекет беделінің бір бөлігі екенін ешқашан естен шығармаңыздар. Халықтың игілігіне жұмыс істеп, елге қолайлы жағдай туғызуларыңыз керек. Мемлекеттік органға шағымданған, жүгінген кез-келген адам, мемлекет көрсетуге тиісті қызметтің барлығын еш сергелдеңсіз, дер кезінде және сапалы түрде алуы тиіс. Сондықтан да, кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, баршаңыздың отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, қызметтеріңізге табыс тілеймін» — деді Бейсенбай Тасболатұлы.
      Мұнан соң аудандық мәслихат аппаратының басшысы Ержан Салиев, ардагер мемлекеттік қызметшілер Пердеш Есенбеков пен Қасымбек Хаметов, «Amanat» партиясының аудандық филиалының атқарушы хатшысы Досым Асабаевтар құттықтау сөзге шығып, мәслихат аппараты тарапынан, кәсіподақ және партия тараптарынан бір топ мемлекеттік қызметшілерді марапаттады.
          Мерекелік шарада мемлекеттік қызметшілер және аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері бірге концерттік бағдарлама дайындап, күнделікті қарбалас жұмыста көріп жүрген сала басшылары мен мамандары өздерін басқа қырларынан танытты.
           Атап айтқанда, аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова мен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Тамара Ташевалар «Әйел бақыты» әнін орындаса, аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы Сәкен Досымов орындаған «Балбырауын» күйі көптің көңілінен шықты. Сонымен қатар, ауданның қаржы және экономика бөлімінің бас маманы Нұрдәулет Құрманбековтың орындауындағы «Отыздан асып барамын» әніне қалың көрермен қошемет көрсетті.
      Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...