Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
100-ДЕН АСТАМ ҚЫЗМЕТКЕР МАРАПАТТАЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » 100-ДЕН АСТАМ ҚЫЗМЕТКЕР МАРАПАТТАЛДЫ

100-ДЕН АСТАМ ҚЫЗМЕТКЕР МАРАПАТТАЛДЫ

         Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жеке құрамы Қазақстан полициясы күнін салтанатты түрде атап өтті.
         «Алатау» дәстүрлі өнер театрынның кең залында өткен салтанатты іс-шараға қылмыстық атқару жүйесі департаментінің еңбек ардагерлерімен қатар Ауған соғысының ардагерлері де қатысты.
         Салтанатты жиынды ҚАЖД бастығы әділет полковнигі Д.Қанатбеков ашып, құттықтау сөз сөйледі. «Қазақстан полициясының 30 жылдық мерейтойы күні еліміздің тыныштығы үшін жігерлі еңбек етіп жүрген барлық қызметкерлерге табысты еңбек тілеймін. Бүгін біздің арамызда Қазақстандағы қылмыстық-атқару саласына елеулі еңбек сіңірген ардагерлеріміз отыр. Олардың еңбек жолы бүгінгі жас ұрпаққа өнеге болуда. Сондай-ақ, бүгінгі мереке қызмет бабында қаза тапқан әріптестерімізді еске алу күні. Отан алдында қабылдаған анттарына адал болған ерлердің есімі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.
         Қылмыстық-атқару саласының жауапты жұмысын абыроймен атқарып жүрген барлықтарыңыздың отбасыларыңызға бақыт пен амандық тілеймін»-деді Д.Қанатбеков.
        Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерін Алматы қаласындағы «Ауған соғысы ардагерлері одағының» төрағасы Мұрат Абдушкуров пен «Әскери барлау ардагерлері одағының» Қоғамдық бірлестігінің басшысы Абушарип Жаманқұлов та құттықтап, Қазақстан азаматтарының құқығын сақтау жолында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің еңбегіне табыс тіледі.
Қазақстан полициясының төл мерекесіне арналған жиында Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 100-ден астам қызметкері мараптталды. Олардың арасында 70 қызметкер «Қазақстан полициясының 30 жылдығы» медалімен марапатталды.
        Салтанат соңында жиналғандар Майра Ілиясова, Абай Бегей, Серік Ибрагимов сияқты өнер жұлдыздарының концертін тамашалады.
Гүлнар МАҒЗҰМОВА,
Алматы қаласы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...