Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ

Warning: Undefined array key "tie_sidebar_pos" in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

Warning: Trying to access array offset on value of type null in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ

Жетісай қаласындағы Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда аудандық ішкі саясат және аудандық мәдениет, тілдерді дамыту,дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің ұйымдастыруында мемлекеттік қызметшілер арасында аудандық спартакиада өтті.

«Нашақорлыққа қарсымыз» атты ұранымен бастау алған «23 маусым – мемлекеттік қызметші күніне» арналған байрақты бәсекеге қатысушы мемлекеттік қызметшілер спорттың 5 түрінен бақ сынады.
Салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау мен мемлекеттік қызметшілер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылған спартакиаданың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Асан Маханбетов пен халықаралық дәрежедегі төреші Бақыт Жанбырбаев қатысып, мемлекеттік қызметшілерге сәттілік тіледі.

Іс-шараға қатысушылар спорттың шағын футбол, үстел теннисі, қол күресі, арқан тарту және дартс түрлерінен өзара мықтыларды анықтады. Аудан көлемінде 219 мемлекеттік қызметшілер бар болса, спорттық шараға 13 қала,кент, ауылдық округ әкімі аппаратынан, 8 дербес бөлімнен 200-ден аса мемлекеттік қызметшілер қатысып өзара мықтыларды анықтады.

Шағын футболдан өткен сайыста 8 құрама бақ сынаса, жүлделі III орын Жылы су, Қарақай, Ынтымақ ауылдық округтерінің біріккен құрамасына бұйырды. Жарыстың қызықты тұсы финалдық кезеңде өтті. Бір-біріне лайықты, тартысты да қызықты ойын көрсеткен қос команданың ішінде Қызылқұм, Мақталы, Абай ауылдық округтерінің біріккен құрамасы жүлделі II орыннан көрінсе, жеңімпаз Жетісай ауданы әкімі аппараты мен Жетісай қаласы әкімі аппаратының бірлескен құрамасы атанды. Жарыста «Үздік қақпашы» номинациясы бойынша аудандық тұрғын үй-комуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Нұркен Әлмеш лайықты деп табылса, «Үздік қорғаушы» аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастар бөлімінің бас маманы Нұртас Тұрсынбеков, «Үздік шабуылшы» Жетісай қаласы әкімінің орынбасары Мейіржан Алтынбеков, «Үздік ойыншы» Абай ауылдық округіні әкімінің көмекшісі Әбдікерім Оңғарбай болды.

Арқан тартыс сайысы бойынша III орынды Жетісай ауданы әкімі аппараты мен Жетісай қаласы әкімі аппаратының бірлескен құрамасы алса, II орын Жылы су ауылдық округі әкімі аппаратының құрамасы, I орын Қызылқұм ауылдық округі әкімі аппаратының құрамасының еншісінде кетті.

Жекелей сайыста үстел теннисінен жүлделі III орынға Ш.Ділдәбеков ауылдық округі әкім аппаратының бас маманы Аужан Кенжебеков, II орынға Ынтымақ ауылдық округі әкім аппаратының жетекші маманы Аян Оралов, I орынға аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Данияр Толыбаев ие болды.

Спорттың қол күрес түрінен қола медаль Жылы су ауылдық округі әкім аппаратының жетекші маманы Нұрбақыт Қазыхановқа, күміс Асықата кенті әкім аппаратының бас маманы Бақытжан Мендісбаевқа бұйырса, алтын медальға Асықата кенті әкім аппаратының жетекші маманы Бекжан Әбдіразақ ие болды.

Дербес бөлім басшылары мен қала, кент, ауылдық округтер әкімдері қатысқан спорттың дартс түрінен жүлделі III орынға аудандық ақпараттандыру, мемлекеттік құпияларды қорғау және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы Ғалымжан Жорабеков, II орынға Жаңа ауыл ауылдық округінің әкімі Нұрлыбек Бахтияров ие болса, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Данияр Толыбаев жеңімпаз атанды.

Аудан әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Есенкелді Әшірханұлы жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен медальдар, бағалы сыйлықтарды табыстады.

Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АРХИВ ІСІНЕ – 100 ЖЫЛ. ОТЫЗ ЖЫЛДЫҚ ЕҢБЕК – ҰЛТ ЖАДЫНА ҚЫЗМЕТ

     Архив… Бұл ...

АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ САНИТАРИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК, ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Мақтаарал ауданында аудан әкімі ...

Лайықты таңдау – жарқын болашақтың бастауы!

        ...

Белсенді сайлаушы – берік қоғамның кепілі

        ...

Әрбір дауыс – жауапкершілік, әрбір таңдау – болашаққа қосылған үлес

        ...

ЖАҢА ҚОНЫС ИЕЛЕРІНЕ ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

ЕРІКТІ ҚОНЫС АУДАРУҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КҮШЕЙТІЛДІ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА САЯСИ МОДЕЛІ: ҚОҒАМ НЕ ҰТАДЫ?

       Қазақстан ...

РУХАНИ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫҢ – ӨЗ БОЛАШАҒЫҢ!

       Ағымдағы ...