Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ЕЛІМІЗДЕ ЕҢ ІРІ ӘРІ БІРІГЕЙ ЖОБА БАСТАЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ЕЛІМІЗДЕ ЕҢ ІРІ ӘРІ БІРІГЕЙ ЖОБА БАСТАЛДЫ

ЕЛІМІЗДЕ ЕҢ ІРІ ӘРІ БІРІГЕЙ ЖОБА БАСТАЛДЫ

          Алматы, 2022 жылғы 6 маусымда – nFactorial School мектебінің, “Шеврон” компаниясының және ITeachMe қоғамдық қорының арқасында Satbayev University қолдауымен Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген 200 қатысушыға арналған бағдарламалау бойынша тегін жазғы мектеп ашылды.
          Жазғы мектепті nFactorial School құрылтайшысы, pinemelon.com америкалық стартапының басқарушы директоры, IT кәсіпкері, болашақшы және Пристон университетінің түлегі Арман Сүлейменов ұйымдастырып ашты.
       “Мен “Шеврон” компаниясы мен Satbayev University-ге біздің бастамамызға қолдау көрсеткені үшін және еліміз үшін осындай ауқымды білім беру жобасын ұйымдастырғаны үшін алғыс айтамын. nFactorial School миссиясы – 10 000 жоғары білікті әзірлеушіні дайындау және бүкіл әлемде жүз миллиондаған адамға “Made in Kazakhstan” таңбасы бар бағдарламалық жасақтама өнімдерін ұсына отырып Қазақстанды әлемнің “технологиялық” картасында таныстыру”, – деді Арман Сүлейменов.
          Арман Сүлейменовтың білім беру жобалары 2015 жылдан бері 650-ден астам қазақстандық ІТ маманын дайындап шығарды. nFactorial School түлектері  Meta, Google, Apple, Amazon, Reddit, Deepmind, Stripe сияқты технологиялық алып компанияларда, сонымен қатар ТМД елдеріндегі ірі IT компанияларында жұмыс істейді.
        Жазғы nFactorial мектебіне қатысушылар веб-бағдарламалау және дизайн негіздерін үйрене алады, ал оқу аяқталған кезде бірегей веб-қолданбалар шығарады. Оларға үздік қазақстандық және халықаралық IT компанияларындағы кәсіби бағдарламашылар тәлім беріп, IT өнімдерін халықаралық нарыққа шығару және ақшалай пайда әкелу жолдарын таныстырады.
          Білім және ғылым вице-министрі Айбат Ілиясовтың айтуынша, IT білім беру жобалары мемлекеттің дамуында маңызды стратегиялық және әлеуметтік рөл атқарады. “Президент Тоқаев бірнеше рет айтып кеткеніндей, біздің елімізге жас, білімді және ынталы кадрлар қажет және елдің барлық аймағынан келген 200 дарынды жасқа арналған жазғы бағдарламалау мектебі 100 000 жоғары білікті IT маманды әзірлеу жолындағы тағы бір қадам. Сіздерге жазғы мезгілді пайдалы өткізулеріңізді тілеймін және Қазақстанымыздың дамуы мен гүлденуіне үлкен үлес қосатын болашақ көшбасшылар, бағдарламашылар, оқытушылар және шығармашыл адамдар арасында сіздерді көремін деп сенемін”, – деді мектептің ашылу салтанатында вице-министр.
         Мектеп қатысушыларымен Google компаниясында бұрын әзірлеуші болған, nFactorial мектебінің 2016 жылғы түлегі және қыздарға арналған Exponential білім беру стартапының негізін қалаушы Назерке Қалидолда да кеңестерімен бөлісті.
        Апта сайын қатысушыларға “алып” бағдарламашылар – Meta, Google, Apple, Reddit компанияларының және Кремний алқабы мен ТМД стартаптарының жетекші бағдарламашылары мен дизайнерлері қонақ болып дәріс оқитын болады.
        Жоба нәтижесінде қатысушылар 150-ден астам қазақстандық өнім әзірлейді, олардың ең үздіктері инвесторлар мен кәсіпкерлерге стартап презентациясында ұсынылады.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...