Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР АНЫҚТАЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР АНЫҚТАЛДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР АНЫҚТАЛДЫ

          Ескелді ауданының әкімі Рустам Али мен Қаратал ауданының әкімі Ерлан Исабеков Алматы облысының үздік қызметшілері атанды.

          Алматы облысы бойынша МҚІА департаментінің хабарлауынша 31-і мамырда «Жылдың үздік мемлекеттік қызметкері» республикалық байқауының өңірлік комиссиясының отырысы өтіп, іріктеуден 13 үміткер өткен. Ақтық кезеңде қатысушылар жобасын қорғап, тың идеяларымен бөліскен.
       Алматы облысынан 57 мемлекеттік қызметші республикалық байқауға қатысуға ниет білдірген. Қатысушыларға қойылған негізгі критерий 3 жыл мемлекеттік қызмет өтілінің болуы. Сондай ақ қызметіне кір келтіретін теріс қылықтары үшін әкімшілік, тәртіптік жазаларының жоқтығы да тексерілді.
           Іріктеуден соң, үміткерлер 500 сөзден аспайтын эссе жазып, 5 минуттан аспайтын бейне жауап ұсынды. Кейстік тапсырманың шешімін мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және тәуелсіз сарапшылар шығарды.
          Нәтижесінде : Қаратал ауданының әкімі Исабеков Ерлан мен Ескелді ауданының әкімі Рустам Али көп ұпай жинаған. Енді екі финалист облыс намысын республикалық деңгейде қорғайтын болады.
Аида КОЖМАМБЕТОВА,
Алматы облысы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...