Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
АУДАННЫҢ СТАТИСТИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » АУДАННЫҢ СТАТИСТИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ

АУДАННЫҢ СТАТИСТИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ

             Өнеркәсіп. Мақтаарал ауданы кәсіпорындары (шағын, қосалқы кәсіпорындар, үй шаруашылығы секторын қоса алғанда) 2022 жылдың қаңтар-наурызында  кәсіпорында қолданып жүрген бағамен 4583722 млн. Теңгенің өнімін шығарып, өнімнің нақты көлем индексі бойынша өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда  80,5 % құрады.
           Ауыл шаруашылығы. 2022 жылдың қаңтар-наурызында  Мақтаарал ауданы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 3713,8 млн. теңгені (қолданыстағы бағамен ) құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 100 % болды. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша 399,4 млн. теңге, мал шаруашылығы бойынша 3314,4  млн. теңгені құрады.
           Сауда. Мақтаарал ауданы бойынша көтерме сауда 920,9  млн. теңгені құрап өткен жылдың тиісті кезеңіне 100,7 %, бөлшек сауда тауар айналымы 849,4 млн. болып өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  105,6  % болды.
            Еңбек рыногы. Мақтаарал ауданы бойынша 2021 жылдың төртінші тоқсанында ірі, орта және шағын кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардағы жұмыс істейтін қызметкерлердің есепті саны 12,7 мың адамды құрады.
2021 жылғы  төртінші тоқсанына  қызметкерлерге есептелген орташа  айлық атаулы жалақы 182107 теңгені құрап, бұл 2021 жылғы төртінші тоқсанына қарағанда 122,3 % құрады.
        Демографиялық процестер. 2022 жылдың 1 наурызға  Мақтаарал ауданындағы халық саны 135013  мың адам, халықтың табиғи өсімі 485  адам, туу- 603  адам,  қайтыс болғандар  118  адам. Тиісті кезеңде некеге тұрғандар- 106  отбасы,  ажырасқандар-6. Осы кезеңде көші-қон бойынша келгендер- 988 адам, кеткендер- 1360 адам.
         Тұрмыс деңгейі. 2022 жылғы қаңтар-наурызға Мақтаарал ауданы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы, орта есеппен 2021 жылғы қаңтар-наурызымен салыстырғанда  2,4 % артып  және  37262 теңгені құрап отыр.
Р.АЙДАРОВ,
Мақтаарал ауданының
Статистика басқармасының басшысы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...