Home » PRESS RELEASE » EGOV.KZ ПОРТАЛЫНДА ҚАШЫҚТЫҚТАН ЭЦҚ АЛУ МОБИЛЬДІ ТЕЛЕФОН КАМЕРАСЫ АРҚЫЛЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛАДЫ

EGOV.KZ ПОРТАЛЫНДА ҚАШЫҚТЫҚТАН ЭЦҚ АЛУ МОБИЛЬДІ ТЕЛЕФОН КАМЕРАСЫ АРҚЫЛЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛАДЫ

           2022 жылғы 23 сәуірден бастап eGov.kz порталында электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу үшін Digital ID бейне тексеруі компьютердің камерасын қолданбастан қолжетімді болады.
            Ел тұрғындары үшін ЭЦҚ-ны қашықтан алу процесі одан да қолжетімді және ыңғайлы болды. Бейне тексеру сервисі – Digital ID пайдаланушыларға компьютерде камера болмаған жағдайда немесе жарамсыз болған кезде  QR  -кодтың көмегімен ЭЦҚ-ны қашықтықтан алу үшін сәйкестендіру рәсімінен өтуге мүмкіндігін береді. Жаңа жаңартулар жеке және заңды тұлғалар үшін қолжетімді.
          «ЭЦҚ шығару eGov.kz порталында өте танымал сервис, тек осы жылдың өзінде оны 4,8 млн.рет мемлекеттік қызметтерді алу үшін жасаған. Біз азаматтардан көбінесе компьютерде камера жоқ немесе жұмыс істемейді деген пікір аламыз. Бұл өзгерістер ЭЦҚ-ны қашықтан алу процесін жеңілдетеді және ыңғайлы етеді»,- деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.
            Жаңартуларды пайдалану үшін телефон камерасын компьютер экранында көрсетілген QR-кодына бағыттап, бейне тексеруден өту керек. Сәйкестендіру сәтті расталғаннан кейін өз компьютеріңізде ЭЦҚ алудың үйреншікті тәсілін жалғастыру қажет.
       Бейне нұсқаулыққа сілтеме:
https://www.youtube.com/watch?v=64RGF5MwfCY
         Айта кету керек, QR–код арқылы бейне тексеруді өз мобильді телефоныңызда өту ұсынылады.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ
Қоғаммен байланыс басқармасы
www.nitec.kz
 
Анықтама үшін: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «электрондық үкіметтің» инфокоммуникациялық инфрақұрылымының және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің операторы болып табылады, сондай-ақ орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
 Толық ақпарат алу үшін мына телефон арқылы хабарласыңыз:
Динара Мажитова
press@nitec.kz;
+7 (7172) 701665 іш. 6104

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КЕЗДЕСУДЕ БІРШАМА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚОЗҒАЛДЫ

        ...

БЕЛЬГИЯЛЫҚ «ENABEL» ДАМУ АГЕНТТІГІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

        ...

ТЕМІРҚАЗЫҚ СЫНДЫ ЖҰЛДЫЗ ТҰЛҒА

        ...

ҚЫРЫҚҚАБАТ ӨНІМІ ЭКСПОРТТАЛУДА

        ...

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЙМАҚТАРҒА 1,3 МИЛЛИАРД ТЕНГЕ БӨЛДІ

        ...

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...