Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН МАҢЫЗДЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН МАҢЫЗДЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ

Notice: Undefined index: tie_sidebar_pos in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН МАҢЫЗДЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ

Алматыда «Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Fake news. Fact-checking. Information manipulation» тақырыбында семинар-тренинг өтіп жатыр.
8-9 сәуірге жоспарланған екі күндік шараға Қазақстандағы Америка Құрама Штаттары дипломатиялық миссиясы қолдау білдірді.
Семинарды медиа тренер, Британиядағы «Avrupa» медиа холдингінің басшысы Ватан Өз бен ВВС телеарнасының Нидерландтағы меншікті тілшісі Юсуф Өзкан жүргізіп жатыр.
Шараға Алматы қаласымен бірге Қазақстанның барлық облыс, аудан, аймақтарындағы телеарна, газет, сайт, радиоарналарда жұмыс істейтін БАҚ өкілдері қатысып жатыр.
Семинар-тренингтің басты мақсаты – журналистердің ақпарат алу және таратудағы кәсіби білігін арттыру, фактчек жасау тәсілдерін меңгерту, деректерді тексеру, жалған ақпаратпен күресуге үндеу.
«Бұл жоба негізінен 2021 жылдың 25-ші қарашасында басталды, төрт айға созылған онлайн курс ақпанда аяқталды. Бүгін екі күндік семинар-тренинг басталды, сондай-ақ 26-27 күндері Шымкент, Түркістан қалаларында өтеді. Семинардың басты мақсаты – жалған ақпараттармен күрес, жалған ақпаратты анықтау, деректерді тексеру, фактчек жасау. Оған қоса ақпараттық монипуляциядан аулақ болу жайлы үйренеді. Екі күнге жалғасатын семинарға Ақтау, Орал, Өскемен, Жезқазған, Талдықорған, Қарағандыдан барлығы 27 журналист қатысып жатыр. Олардың барлығы отандық БАҚ-та жұмыс істейтін қазақтілді журналистер»,-деді «Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы.
Семинар-тренингтің ашылу салтанатына Қазақстандағы Америка Құрама Штаттарының Бас консулы Кэролайн Сэвидж қатысып, журналистермен кездесу кезінде жалған ақпаратпен күрестің маңызына тоқталды.
«Журналист кез келген ақпаратты жариялағанда адамдарды адастырмау үшін жауапкершілікті сезінгені жөн. Одан бөлек әлемдегі тың ақпаратты тарата біл журналистердің артықшылығы деп білемін. Пандемия басталғалы КВИ мен вакцинаға қатысты дезинформация мен конспериалогиялық ақпараттардың қалай тез тарағанын барлығымыз көрдік. Өкінішке қарай ол вирусқа қарағанда тез тарады. Оған қоса Ресейдің Украинаға басып кіруі мен климаттың өзгеруі және өзге де мәселелерді мысалға келтіруге болады. Сол себептен сіздердің жұмыстарыңызда мұқияттылық пен біліктіліктің жоғары болғаны маңызды»,-деді Бас консул.
Шара барысында жалған деректі анықтау төңірегінде тәжірибелік жаттығулар жасалып, пікір алмасу болды.

Сонымен қатар семинардың ашылуында Ватан Өз мырза аталған қордың басшысы Нәзия Жоямергенқызын Еуропадағы Түркітілдес журналистер одағының 2022 жылғы «Жыл журналисі» сыйлығымен марапаттады.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...