Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
«ЖЕР САҒАТЫ» ӨТЕДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » «ЖЕР САҒАТЫ» ӨТЕДІ

«ЖЕР САҒАТЫ» ӨТЕДІ

            Елорданың көптеген нысандары «Жер сағаты» акциясы аясында сыртқы сәндік жарықтандыруды өшіреді. Жер шарындағы «Жер сағаты» атты ең ірі акция биыл 26 наурызда жергілікті уақыт бойынша 19:30 -20:30 аралығында өтеді.
         Акцияның негізгі мақсаты-адамдардың назарын Жер шарының ресурстарына жауапты және ұқыпты қарауға аудару. Бұл дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) ғаламдық акциясы және де бұл табиғатқа ұқыпты қараудың, планетамыздың шектеулі ресурстарына қамқорлық жасаудың символы. Жыл сайын 180 елден миллиондаған адамдар бір сағатқа шамдар мен электр құрылғыларын өшіреді.
        Әлемнің мыңдаған сәулет ескерткіштері акцияға үн қосып жарықтандыруды өшіреді. Олардың ішінде: Эйфель мұнарасы, Биг Бен, Колизей бар.
         Қазақстанда да «Жер сағаты» акциясына қатысып келеді. Егер бұрын бұл науқанды тек ірі қалалар қолдаса, ал биыл үшінші жыл қатарынан еліміздің барлық өңірлері акцияға қосылды.
         Акцияның ұйымдастырушылары: ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ, «Жасыл» экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ, Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің және  «Mega silk way «СОО қолдауымен «Тұрақты даму» жер қоры, сондай-ақ облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктер.
         Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-да елордада нысандардың сыртқы сәндік жарығы өшіріледі.
         Елорда тұрғындары мен қонақтарын 26 наурызда сағат 19:30-дан бастап Mega silk way СОО-да өтетін офлайн іс-шараға қатысуға шақырамыз.
         Қатысушылар үшін викторина ұйымдастырылады. Ең белсенді қатысушылар «Stopmusor» әлеуметтік жобасының арнайы сыйлықтарына ие болады.
БАҚ аккредитациядан өту үшін Меруерт АБДАЛИЕВАҒА хабарласу керек.
Тел.:+77784560999

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...