Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ЖАҚСЫ НИЕТ - ЖАҚСЫЛЫҚҚА ЖЕТЕЛЕЙДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » ЖАҚСЫ НИЕТ — ЖАҚСЫЛЫҚҚА ЖЕТЕЛЕЙДІ

Notice: Undefined index: tie_sidebar_pos in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

ЖАҚСЫ НИЕТ — ЖАҚСЫЛЫҚҚА ЖЕТЕЛЕЙДІ

Қайырымдылық – мұқтаж жан­дарға көрсетілер нақты көмек,  ізгіліктің анық көрінісі,  адамның асыл қасиеті. Кісінің айнала­сын­дағы адамдарға танылатын тамаша қыры да оның қаншалықты қайырымды екендігінен байқалады. 

Қазақ халқы ежелден жомарт­тығымен танылған. Бүгінде ұлы халықтың ұлы ұрпағы да ата дәстүрді жалғас­тырып, тұрмысы нашар отбасы­ла­рын, жетім-жесірлерді қорғап, қолдауды жалғастырып келеді.
 
Қайыры мол істен қалыс қалмайтын Жетісай аудандық мәслихатының хатшысы Әлихан Утанов пен аудандық мәслихат депутаты Гүлжан Убайдина Асықата кентінен қайырымдылық дүкенін ашты.
 
Дүкеннің ашылуына аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов пен Асықата кентінің әкімі Бақыт Серіков, ел ағалары қатысты.
 
Азаматтардың бойына қайырымды­лық пен  адам­гершілік қасиеттерді баулуға бағытталған дүкеннен кенттегі кез-келген аз қамтамасыз етілген, әлеуметтік қолдауды қажет ететін көпбалалы отбасылардан киім-кешектер мен аяқ киімдерді тегін алуға мүмкіндігі бар. Одан бөлек алдағы уақытта тұрмыстық заттар мен азық-түліктер де тегін берілетін болады. Кенттегі көмекке мұқтаж отбасылардың тізімін жасау мақсатында дүкенде арнайы екі қызметкер жұмыс істейтін болады.
 
«Шын мәнінде, амалдар ниетке байланысты. Расында, адамға ниет еткені тиесілі» деген тағылымды хадис бар. Сондықтан да жақсылық жасауды ерте кезден-ақ ұрпағының бойына сіңіріп келген қазақ үшін жақсылық жасау жат емес.
Қайырымдылық дүкенін ашудағы мақсатымыз – мұқтаж отбасыларға сәл де болса қолұшын созу. Өйткені, біз үшін қажетсіз заттарға өзгелер мұқтаж болуы мүмкін. Бұл жерде мүлдем қолданылмаған киімдер де көп» дейді аудандық мәслихаттың хатшысы Әлихан Айдарханұлы.
 
Қара басының қамынан аса алмайтын, қарны тойса өзгенің мұң-мұқтажына селт етпейтін, сөйте тұра бедел жинағыштардың емес, керісінше, сын сағаты туғанда ұлағатты ұлан міндетін ұға білген, қараша халықтың қиналғанына енжарлық танытпай, ықыласты түрде ризығын бөлісе білген нағыз жомарт жандардың ауызбіршілігін, ынтымағын айқындайтын іске атсалысқан осындай қайырымдылық шарасының қолға алынуы көңілге қуаныш, жанға демеу болмақ.

Бауыржан НАЙМАНОВ,

Жетісай ауданы

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...