Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
"ЖАС САРБАЗ" ПАТРИОТТАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ СЛЕТІ ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » «ЖАС САРБАЗ» ПАТРИОТТАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ СЛЕТІ ӨТТІ

«ЖАС САРБАЗ» ПАТРИОТТАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ СЛЕТІ ӨТТІ

            «Мақтаарал» аграрлық колледжінде «Жас сарбаз» патриоттар қозғалысының облыстық слеті болып өтті.
            Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту мақсатында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Облыс әкімінің орынбасары Сакен Қалқамановтың бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес «Жас Сарбаз» патриоттар қозғалысының облыстық слеті ұйымдастырылып өткен шараға түрлі аудандардан келген 21 колледждің әскери патриоттық клубтары қатысты.
         «Өскелең ұрпақтың бойында жоғары азаматтық белсенділікті, патриотизмді тәрбиелеу, жеке тұлғаны және Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және жастар арасында дене шынықтыру мен әскери-қолданбалы спорт түрлерін танымал ету мақсатында барлық оқу орындарында құрылған «Жас Сарбаз» клубтары өз жұмыстарын жоғары дәрежеде атқарып жүр. Ұлтжандылық сезімі өзінен-өзі пайда болмайды, ешкім патриот болып туылмайды.  Өз елінің Патриоты жеке тұлғаның күрделі даму процесінде ғана қалыптасады, сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар жастардың кіші Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыруға оң ықпалын тигізеді» — деді слеттің ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы Рысалды Нәлжігітова.
            Жалпы патриоттық жарыста командаларды іріктеу 3 кезең бойынша жүргізілді. Атап айтқанда, бірінші кезеңде оқу орынының «Жас сарбаз» клубтары өз жұмыстарын  презентацияласа, екінші кезеңде Калашников автоматын жартылай бөлшектеуден және жинақтаудан жарысты. Осы 2 іріктеу кезеңдерінен өткен үш команда колледж ауласында ұйымдастырылатын «Арай» патриоттық-зияткерлік квест ойынына қатысты.
           Аталған квест ойынының идеясы өте қарапайым — әр түрлі тапсырмаларды орындайтын команда немесе командалар бір жерден екінші жерге ауыса отырып, ойынның аяқталу кезеңінде олар негізгі жұмбақтың жауабын тапты.
           Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлімінің бас маманы Рысалды Нәлжігітова, Жетісай және Мақтаарал аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің кіші сержанты Бейбіт Алимбетов, Мақтаарал ауданының жастар ресурстық орталығының басшысы Сүндет Кенжебаев, облыстық жастар ресурстық орталығының әдіскері Батырбек Ахметов, облыстық әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру кафедра меңгерушісі Назым Жунисовалар жарысқа төрелік жасап, әділ бағасын берді.
           Жарыстың нәтижесінде 1-орынды №14 колледждің «Қыран» әскери патриоттық клубы (ӘПК) жеңіп алды. Сондай-ақ, 2-орынды «Мақтаарал» аграрлық колледжінің «Жалынды жастар» ӘПК мен «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің «Ясауи сарбаздары» ӘПК, 3-орынды Түлкібас агробизнес колледжінің «Барыс» ӘПК мен №17 колледжінің «Барыс» ӘПК және Д.Қонаев колледжінің «Жас сарбаз» ӘПК иеленді.
 Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...