Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
МАҚТААРАЛДА ИДЖЖ-2 ЖОБАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » МАҚТААРАЛДА ИДЖЖ-2 ЖОБАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

МАҚТААРАЛДА ИДЖЖ-2 ЖОБАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

            Аудан әкімі Бақыт Асанов пен аудандық мәслихаттың хатшысы Қадір Сәрсекбаев, аудан әкімінің орынбасары Сәкен Сұлтанханов, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Баязит Әлімқұлов және су шаруашылығы саласының өкілдері  ИДЖЖ-2 жобасы аясында құрылысы жүріп жатқан каналдар мен арық-атыздарды аралап, жобаның іске асырылу барысын тексерді.
         Б.Асанов Еңбекші, Иіржар, Бірлік ауылдық округтерінде болып, осындағы ИДЖЖ-2 жобасы аясында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын қадағалады. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстары барысында туындаған мәселелер мен ұсыныстарды сала мамандарымен талқылады.
         Каналдар мен коллекторлардың үстінен көпірлер салу, кейбір каналдарды монолит бетонмен қаптау, тік ұнғымалы дренаждардың құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау сынды қат-қабат мәселелерді шешу үшін аудан әкімі сала мамандарына нақты тапсырмалар берді.
         Айта кетейік, Мақтаарал ауданында егістік жерлердің құнарлығын арттыру үшін 40 мың гектар жер ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру (ИДЖЖ-2) бағдарламасына енген. Бағдарлама арқылы 220 канал, 208 су қашыртқылары ретке келтіріліп, 149 тік дренажды ұңғымалар жөнделуде.
         2021 жылдың 9 айының қорытындысымен жалпы бағдарламаның 1-ші 2-ші және 3-ші кешені бойынша ұзындығы 47 шақырымды құрайтын 36 каналдың (К-13; К-20; К-18; К-11 тармақтарымен) құрылыс жұмыстары толық аяқталғаны белгілі болды.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ӘРБІР ДАУЫС ЕЛ ТАҒДЫРЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

        ...

ДАУЫС БЕРУ ҚҰҚЫҒЫН БЕРЕТІН ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ КУӘЛІКТЕРІН БЕРУ ТӘРТІБІ

        ...

Өскеменде танымал айтыскер сарбаздармен бірге әскери ант қабылдады

        ...

23 тамыз – азаматтық жауапкершілікті танытатын маңызды күн

       Әрбір ...

Әр дауыс – ел ертеңіне қосылған үлес

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДАҒЫ БАСТАМАЛАР – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

        ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АРХИВ ІСІНЕ – 100 ЖЫЛ. ОТЫЗ ЖЫЛДЫҚ ЕҢБЕК – ҰЛТ ЖАДЫНА ҚЫЗМЕТ

     Архив… Бұл ...

АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ САНИТАРИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК, ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Мақтаарал ауданында аудан әкімі ...

Лайықты таңдау – жарқын болашақтың бастауы!

        ...

Белсенді сайлаушы – берік қоғамның кепілі

        ...