Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
Маңғыстау облысында құрғақшылықтан зардап шеккен 225 үй шаруашылығы USAID-тың гуманитарлық көмегін алды - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » Маңғыстау облысында құрғақшылықтан зардап шеккен 225 үй шаруашылығы USAID-тың гуманитарлық көмегін алды

Маңғыстау облысында құрғақшылықтан зардап шеккен 225 үй шаруашылығы USAID-тың гуманитарлық көмегін алды

           4 қараша, 2021 жыл, Нұр-Сұлтан, Қазақстан – АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) гранты арқылы Қазақстанның Қызыл Ай Қоғамы Маңғыстау облысындағы құрғақшылықтан зардап шеккен ең осал үй шаруашылықтарына қаржылай көмек көрсетуді бастады.
          Осалдық пен қажеттіліктерді бағалау негізінде малынан ішінара немесе толықтай айырылған және көмекке мұқтаж ең осал 225 үй шаруашылықтары қаржылық көмек алушылар болып табылады. Банк карталары арқылы берілетін бұл көмек үй шаруашылықтарының шұғыл негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыруға және алдағы қыс маусымына мал азығын сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл банк карталары арқылы жалпы 1254 адам 33 миллион теңгеден астам ақша алады. Облыста жалғасып жатқан құрғақшылықтан малдың қырылуы жергілікті халыққа үлкен шығын әкелді, өйткені мал шаруашылығы негізгі табыс көзі болып табылады.
          USAID климаттың өзгеруін жеңілдету және оның салдарын жою үшін Орталық Азия елдерімен серіктестік орнатуда.
         USAID – озық халықаралық даму агенттігі болып табылады және тұрақты дамуға жетуді қарқындату құралы рөлін атқарады. Көбірек ақпарат алу үшін Орталық Азиядағы USAID сайтына және Орталық Азиядағы USAID-тың Facebook парақшасына кіріңіз.
          Қазақстанның Қызыл Ай Қоғамы – халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Ай қозғалысының дүниежүзіндегі ең ірі гуманитарлық желісінің бөлігі, оның мақсаты адам қайғысын жеңілдету, адам өмірі мен денсаулығын қорғау және адам қадір-қасиетін құрметтеуді қамтамасыз   ету. Қосымша ақпарат алу үшін Қазақстанның Қызыл Айының веб-сайтына және әлеуметтік желілердегі парақшаларға кіріңіз.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...

«ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ» — ҰЛТТЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ!

        ...

«ЕҢБЕК АДАМЫ» КЕЙІПКЕРІ: АҒА МЕЙІРБИКЕНІҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫ – ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ!

        ...

АЯГӨЗ АУДАНЫНДА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МЕДАЛЬДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

АУЫЛДЫҚ МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА «КІТАПҚА — ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ТАРИХ ТАРТУЫ — ТӘУЕЛСІЗДІК» КВИЗ САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ БЕЛДІ МҮШЕСІ ВИЦЕ-МИНИСТРДЕН МАРАПАТ АЛДЫ

        ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИЛІК» ИДЕОЛОГЕМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ (АОБӨФ) ТӨРАҒАСЫ — «ОЙШІЛІК» АУЛЫНДА БОЛДЫ

        ...