Home » Жаңалықтар » АУДАН ӘКІМІ МАҚТАЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Notice: Undefined index: tie_sidebar_pos in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

АУДАН ӘКІМІ МАҚТАЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбек Мақталы ауылдық округінде болып, округ ақсақалдарымен, шаруа қожалық иелерімен және ауыл шаруашылық өндірістік кооператив төрағаларымен жүздесті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары А.Тасов, аппарат басшысы Е.Алданиязов аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Марат Абуов, тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімінің басшысы Мырзабек Абишев пен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұркен Әлмеш қатысты. Кездесу барысында алдымен аудан әкімі » Ержігіт ата » шаруа қожалығына барып жүзім шаруашылығымен танысты. «Ержігіт ата» шаруа қожалығы 11га жерге жүзімнің ризамат, кишмиш, тайфы сорттарын еккен. Бүгінде гектарынан 8-9 тонна өнім алады. Кейіннен мал бордақылаумен айналысатын «Мютембай ата» шаруа қожалығына барып тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. Іс-сапар кестесіне сәйкес аудан әкімі жаңадан салынып жатқан Алмалы ауылындағы спорт кешенінің құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, құрылыс барысындағы кемшіліктерді мердігер тараппен біргелікте орындауды ауыл әкіміне тапсырды. Соңынан Мақталы ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында бірнеше ауыл тұрғындарынан ұсыныстармен өтініштер түсті.

Аудан әкімі М.Қадырбек Мақталы ауылдық округі тұрғындарымен кездесу кезінде көтерілген ұсыныстар, пікірлер, өтініштерді жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, жиында көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен өз шешімін табатындығын айтты.

Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЙМАҚТАРҒА 1,3 МИЛЛИАРД ТЕНГЕ БӨЛДІ

        ...

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...