Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЗАМАНАУИ ОҚУЛЫҚ МАЗМҰНЫ МЕН ФОРМАТЫ ТАЛҚЫЛАНАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » ЗАМАНАУИ ОҚУЛЫҚ МАЗМҰНЫ МЕН ФОРМАТЫ ТАЛҚЫЛАНАДЫ

ЗАМАНАУИ ОҚУЛЫҚ МАЗМҰНЫ МЕН ФОРМАТЫ ТАЛҚЫЛАНАДЫ

        12 тамыз күні ҚР БҒМ Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының ұйымдастыруымен Республикалық Тамыз кеңесі – 2021 аясында «Заманауи оқулық: мазмұн мен форматқа жаңаша көзқарас»тақырыбындағы панельдік сессия отырысы өтеді.
          Онлайн форматта өтетін жиынға оқулық авторлары мен сарапшылар, баспа өкілдері, Дүниежүзілік банк жобасының орындаушылары, ҚР БҒМ өкілдері және облыстық, қалалық әдістемелік кабинеттің әдіскерлері қатысады. Спикерлер мектеп оқулықтарының мазмұны мен форматына қатысты заманауи өзгерістер туралы баяндама жасайды.
        Панельдік сессияда жаңа оқу жылында енгізілетін «Әліппе» оқулығын оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдемелері,«Ана тілі» оқулығының мазмұны мен құрылымы туралы Абай атындағы ҚазҰПУ ғалымдары, профессор, п.ғ.д. Әзия Жұмабаева және профессор, п.ғ.к Гүлнар Уайсова баяндайды.   Сонымен қатар, білім алушыларды оқытудағы «Букварьдің» рөлі мен «Обучение грамоте» оқулығын әзірлеудің негізгі принциптеріжөнінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доцентінің м.а., PhD доктор Малика Аймағамбетова, Қостанай қаласындағы №23 мектебінің бастауыш сынып мұғалімдеріЕлена Богатырева мен Ольга Труханова сөз қозғайды.
        Ал 1-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны мен оқыту үрдісінде электрондық қосымшаларды қолданудың тиімділігіжөнінде Алматы облысы Іле ауданы М.Мақатаев атындағы  орта мектептің информатика пәні мұғалімі, зерттеуші педагог Гүлдана Көпеева баяндайды.
          Заманауи оқулықтарды әзірлеуге және сараптауға қойылатын талаптардың халықаралық тәжірибесіменГрекияның Афины ұлттық және Каподистриандық университетінің «География дидактикасы» кафедрасының доценті, «Savvy Business – Астана-кітап» халықаралық консорциумының өкілі Апостолия Галани бөліссе, еліміздегі заманауи мектеп оқулықтарының сапасына, әзірлеуден мақұлдауға дейінгі кезеңдеріне ҚР БҒМ РҒП БМСО директоры Елдос Нұрланов тоқталып өтеді.
           Жиынға қосылу үшін 12 тамыз 10.00-де төмендегі Zoom сілтемесіне өту керек.
            Сілтеме:
https://nu-edu-kz.zoom.us/u/aecVInuXGA

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС – ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІКТЕР БАСТАУЫ

        ...

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...