Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
МАҚСАТ – МЕКТЕП ОҚУЛЫҚТАРЫН ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ЕТІП ӘЗІРЛЕУ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » МАҚСАТ – МЕКТЕП ОҚУЛЫҚТАРЫН ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ЕТІП ӘЗІРЛЕУ

МАҚСАТ – МЕКТЕП ОҚУЛЫҚТАРЫН ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ЕТІП ӘЗІРЛЕУ

         ҚР БҒМ республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының сарапшылары мен халықаралық зерттеушілер консорциумының мамандары бір жылға жуық етене жұмыс істеп, оқулық басылымдарының сараптау жүйесін жаңғыртуға бағытталған құжаттар-топтамасын әзірледі.
          Бұл бағыттағы кешенді шаралар өткен жылдың қыркүйек айында басталды. Мұндағы негізгі мақсат – оқулықтарға қойылатын талаптарды отандық және әлемдік тәжірибені салыстыру және жіті зерттеу арқылы қайта қарастыру, заман талабына сай әзірлеу. Сондай-ақ, сараптама кезеңдері мен реттілігін тиімділік және қолданбалылық тұрғысынан қайта қарау, оқулықтарды зерделеу мен бекітудің ұлттық жүйесін нығайту көзделді. Бұл жөнінде РҒП Білім мазмұнын сараптау орталығының директоры Елдос Нұрланов:
           – Оқулықтану – халықаралық тәжірибе тұрғысынан педагогиканың аз зерттелген саласы. Мұны оқулықтану мәселелерін зерттеу бойынша жобалар, ғылыми еңбектер мен мақалалардың аздығынан да аңғаруға болады. Осы ретте, оқу басылымдарын бағалау жүйесін, мазмұнын ресімдеуді жетілдіру қажеттілігі туындады. Білім және ғылым министрлігі бұл мәселеге ден қойып, Дүниежүзілік банктің «Орта білімді жаңғырту» жобасы аясында осы бағыт бойынша консультациялық, ғылыми-зерттеу жұмыстарды жүргізуді қолға алды. Бұл Жоба – маңызы жоғары әрі саф мүмкіндік. Себебі біздің орталық мамандары өздерін толғандырып жүрген мәселелерді пысықтауға, оны оқулықтарды бағалау жүйесі ертеректе орныққан мемлекеттер тәжірибесі негізінде зерттеуге және тікелей игеруге мүмкіндік алды. Әзірленген құжаттарда сараптаманы жүргізуге, сарапшыларды іріктеуге, орта білім мазмұнының инвариантты бөлігіне жататын 19 пәнге арналған критерийлерге, жаңа оқулықтар мен ОӘК-ге жүргізілетін сынақтан өткізу процесі мен қоғамдық талқылау жұмысын жүргізуге қатысты нұсқаулықтар қамтылған. Сонымен қатар оқу басылымдарының авторларына, сарапшылардың жұмысын бағалауға бағытталған арнайы нұсқаулықтар да бар, – деп атап көрсетті.
           Елдос Болатханұлының айтуынша, оқу әдебиетін бағалауға арналған критерийлерді 19 пәнге бөліп қарастыру – ұтымды тәжірибе. Бұған дейін оқу басылымдарын бағалау жүйесінде жалпы талаптарға басымдық берілген. Елімізде оқулыққа сараптама жүргізудің өзіндік тәжірибесі болғанымен, пән бойынша егжей-тегжей жіктеу бұрын-соңды қолданылып көрмеген.
            Жаңартылған критерийлерде соңғы 5 жылда қолданысы қарқынды түрде артқан ғалам торабы мен әлеуметтік желінің сын-қатерлері ескерілген. Мәселен, мемлекет пен қоғамның дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін кемсітушілік, құқықбұзушылық, қатыгездік, үрдісшілдік, суицид, лаңкестік, отбасы құндылықтарына қарсы мінез-құлық, коммерциялық жарнама, бейресми дереккөздердің көрініс табуына жол бермеу мәселесі күшейтілген.
         Жаңартылған критерийлер тиісті рәсімдерден өткеннен кейін қолданысқа енгізілетін болады.
Маржан ЕРТІС.
 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...

«ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ» — ҰЛТТЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ!

        ...

«ЕҢБЕК АДАМЫ» КЕЙІПКЕРІ: АҒА МЕЙІРБИКЕНІҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫ – ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ!

        ...

АЯГӨЗ АУДАНЫНДА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МЕДАЛЬДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

АУЫЛДЫҚ МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА «КІТАПҚА — ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ТАРИХ ТАРТУЫ — ТӘУЕЛСІЗДІК» КВИЗ САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ БЕЛДІ МҮШЕСІ ВИЦЕ-МИНИСТРДЕН МАРАПАТ АЛДЫ

        ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИЛІК» ИДЕОЛОГЕМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ (АОБӨФ) ТӨРАҒАСЫ — «ОЙШІЛІК» АУЛЫНДА БОЛДЫ

        ...