Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ 30 МЫҢНАН АСТАМ TELEGRAM – АККАУНТЫ ЖЕЛІГЕ ТАРАЛЫП КЕТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ 30 МЫҢНАН АСТАМ TELEGRAM – АККАУНТЫ ЖЕЛІГЕ ТАРАЛЫП КЕТТІ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ 30 МЫҢНАН АСТАМ TELEGRAM – АККАУНТЫ ЖЕЛІГЕ ТАРАЛЫП КЕТТІ

           Интернеттің қазақстандық сегментін ақпараттық қауіпсіздік қатерлерінің болуына мониторинг жүргізу барысында «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ-ның KZ-CERT Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі Telegram-арналарының бірінде Telegram мессенджерін пайдаланушылардың дербес деректер туралы 744 мың жазбадан тұратын файлды анықтады.
           Талдау нәтижесінде файл дапайдаланушының ID, аты, тегі, телефон нөмірі және «өзі туралы» деген бағандағы пайдаланушыны сипаттау сияқты жеке мәліметтер бар екендігі анықталды. Бұл ретте, қазақстандық телефон нөмірлеріне 30 мыңнан астам аккаунт тіркелген.
           Telegram-арнаның авторы табылған файлды «Құдайдың көзі» платформасының клиенттер базасы ретінде сипаттайды, ол сұрау салу бойынша әлеуметтік желілерден, мессенджерлерден, іздеу жүйелерінен және басқа да дереккөздерден алынған ақпарат негізінде жиналған пайдаланушылардың дербес деректерін алуға мүмкіндік беретін ТМД-дағы ең ірі сервис (1 млн.астам пайдаланушы) болып табылады.
          Дербес деректердің бұндай таралуы зиянкестердің әлеуметтік инженерияда ақпаратты пайдалануында, атап айтқанда, дербес және банктік деректерді алу мақсатында қоңырауларды жүзеге асыру және хабарламалар жөнелту кезінде үлкен тәуекелге алып келеді.
          Осыған байланысты Интернеттің қазақстандық сегментінің барлық пайдаланушыларына кибергигиенаны сақтаудың маңыздылығы туралы ескертеміз, сондай-ақ Интернетте жеке дербес деректерін енгізу кезінде қырағылық танытуды және үшінші тұлғаларға жеке ақпарат бермеуді сұраймыз.
  АО «Государственная техническая служба»
Тел: +7-717-255-99-99
E-mail: info@cert.gov.kz.
incident@cert.gov.kz.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОЗЕРКИ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНДЕ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        ...