Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЖАРИЯЛАНЫМ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЖАРИЯЛАНЫМ

ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЖАРИЯЛАНЫМ

       «28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні» мерекесіне орай Жетісай ауданы аумағында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында жергілікті БАҚ өкілдері арасында үздік журналистік жарияланым байқауының
ЕРЕЖЕСІ
       1. Жалпы ережелер:
       1.1 Аудан аумағында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және оған төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
       1.2.Осы байқаудың қағидасы 28 маусым-байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні мерекесіне орай әзірленді.
        1.3.Байқау онлайн түрде өтеді.
        2. Байқаудың мақсаты:
БАҚ шығармашылығын халыққа кеңінен насихаттау, журналистикаға деген құштарлығын, интеллектуалдық деңгейін арттыру, мемлекеттік тілге құрмет сезімін, Отансүйгіштікті дәріптеу, елдің қоғамдық-саяси ахуалына БАҚ көзқарасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы оңтайлы шешімдерді немесе жүйелерді ұсыну. Мемлекеттік басқарудағы маңызды қағидалары, негізгі нысандары, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруды қамтамасыз етудің өзекті тәсілдерін анықтау.
       3. Байқау шарттары:
       3.1. Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі ММ байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады.
         3.2. Байқауға Жетісай ауданының БАҚ өкілдері қатысады және мемлекеттік тілде өтеді.
         3.3. Мақалада сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құрудың тиімді әдістері, жемқорлықсыз мемлекеттің бүгіні мен ертеңін талдап жазылуы қажет;
        3.4. Байқауға бұрын жарияланған, жоғарыда көрсетілген тақырыптан ауытқыған мақалалар қатыстырылмайды;
         3.5. 2021 жылдың 8 маусым- 22 маусым аралығында facebook әлеуметтік желісінде жарияланған 1 жарияланым қабылданады.
         3.6. Қатысуға ниет білдірген жергілікті БАҚ өкілдері өздері жайлы мәліметті төмендегі кестеге сәйкес ішкі саясат бөліміне 2021 жылдың 22 маусымына zhetisay-ovp@mail.ru дейін тапсыруы тиіс;
№ Аты — жөні Атқаратын қызметі Байланыс телефоны Жарияланымның сілтемесі
      4. Қорытынды ережелер:
Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін тәуелсіз сарапшылар тоба құрылады. Тәуелсіз сарапшылар тобы құрамын бөлім бекітеді. Тәуелсіз сарапшылар құрамы төрағадан және оның мүшелерінен тұрады. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері сарапшылардың дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады. Сарапшылар алқасының шешімі хаттама түрінде рәсімделіп, төраға және мүшелері қол қояды.
        5. Жеңімпаздарды марапаттау:
— Бас жүлде (біреу)-70 000 теңге
— І орын (біреу)- 50 000 теңге
-ІІ орын (біреу)- 30 000 теңге
-ІІІ орын (екеу)-15 000 теңге
       Жүлдегерлер және байқауға қатысушылар «28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні» мерекесі қарсаңында арнайы дайындалған дипломмен марапатталады, сондай-ақ, жүлделі орын алған үміткерлердің мақалалары аудандық газет беттеріне жарияланады.
       Байқауға тапсырылатын қажетті құжаттар:
-тиісті мекемелердің сұранысы
-Жеке куәлігі түпнұсқасы (сканерлеу үшін)
— шот нөмірінің түпнұсқасы (сканерлеу үшін)
Мекен-жайымыз:Жетісай қаласы.М.Әуезов көшесі, №20 үй.
Анықтама телефоны: 8775 907 97 52; 8 707 158 57 30.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ӘРБІР ДАУЫС ЕЛ ТАҒДЫРЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

        ...

ДАУЫС БЕРУ ҚҰҚЫҒЫН БЕРЕТІН ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ КУӘЛІКТЕРІН БЕРУ ТӘРТІБІ

        ...

Өскеменде танымал айтыскер сарбаздармен бірге әскери ант қабылдады

        ...

23 тамыз – азаматтық жауапкершілікті танытатын маңызды күн

       Әрбір ...

Әр дауыс – ел ертеңіне қосылған үлес

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДАҒЫ БАСТАМАЛАР – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

        ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АРХИВ ІСІНЕ – 100 ЖЫЛ. ОТЫЗ ЖЫЛДЫҚ ЕҢБЕК – ҰЛТ ЖАДЫНА ҚЫЗМЕТ

     Архив… Бұл ...

АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ САНИТАРИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК, ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Мақтаарал ауданында аудан әкімі ...

Лайықты таңдау – жарқын болашақтың бастауы!

        ...

Белсенді сайлаушы – берік қоғамның кепілі

        ...