Warning: Trying to access array offset on false in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150 АТАҚТЫ БАПКЕР — МАҚТААРАЛДА - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » АТАҚТЫ БАПКЕР — МАҚТААРАЛДА

АТАҚТЫ БАПКЕР — МАҚТААРАЛДА

         Өткен жылы «Шахтёр» футбол клубымен бірге атой салған атышулы жаттықтырушы Константин Горовенко «Мақтаарал» футбол клубына бас бапкер болып тағайындалды.  
        Тәжірибелі бапкер клуб басшысы Мейіржан Есенғараевпен бірге аудан әкімі Бақыт Асановтың қабылдауында болды. Аудан басшысы бас бапкердің жоспарларын тыңдап, ісіне сенім білдіре отырып, нақты талаптар қойды. Сондай-ақ, алдағы атқарар жұмысына сәттілік тіледі. Ендігі жерде Константин Горовенко «Мақтаарал» үшін барын салары сөзсіз.
        К.Горовенко футболшы ретінде алматылық бірнеше клубтың намысын абыроймен қорғаған. Ұлттық құрама сапында да жақсы өнер көрсете білді. Өзінің бапкерлік мансабын өзі ойнап кеткен «Сұңқар» командасынан бастаған. «Қайраттың» жастар академиясымен де жақсы жұмыс жасай білді. Талдықорғанның «Жетісу Б» клубымен тәп-тәуір ойын көрсетті. 2020 жылы Қарағандының «Шахтёрін» Еурокубок ойындарына алып шықты. Міне, көргені мен түйгені көп бапкер «Мақтаарал» клубымен келісім-шартқа отырды.
        Бұған дейін мақташылардың бас бапкері болған Вахид Масудовты «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері ретінде танитын боламыз. Ол «Мақтаарал» футбол клубын ҚР Кубогы жолындағы жарыста бірде-бір қарсыласынан ұтылмай топтық кезеңге дейін жеткізді. Қазір «Мақтаарал» бірінші лиганың турнирлік кестесінде 2-орында тұр. Жалпы мақтааралдық клуб 10 ойын өткізсе, соның біреуінде ғана жеңілген. Қалған 9 ойынды В.Масудовтың жетекшілігінің арқасында жеңіспен аяқтаған болатын.
 Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖҮКТІЛІКТІҢ 10 АПТАСЫНА ДЕЙІН ЕСЕПКЕ ТҰРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

        ...

КЕНЕДЕН САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ

       Күн ...

СУҒА КЕТУ КЕЗІНДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК

        ...

МАНТУ СЫНАМАСЫ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ МЕН ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ

        ...

ҚАЗАҚСТАН МАШИНА ЖАСАУШЫЛАРЫ ОДАҒЫ: ЕЛ ИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДАҒЫ НЕГІЗГІ КҮШ

       Қазақстандағы ...

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАЗАҚҚА ТӘН ҚАСИЕТ

     Қазақстанда 15 ...

ШЕКАРАШЫЛАРМЕН ӨТКЕН БІР КҮН

        ...

ЗАМАНАУИ ЖАСТАРДЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

        ...

ӘЖЕ – ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

       №10 ...