Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ASHYQ EGOV MOBILE-ДА ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » ASHYQ EGOV MOBILE-ДА ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛДЫ

ASHYQ EGOV MOBILE-ДА ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛДЫ

2021 жылғы 3 маусым.  Нұр-Сұлтан қаласы.
           Қазақстандықтарға кафе, кинотеатрлар, фитнес-клубтар және басқа да қоғамдық орындарға кіру үшін eGov mobile қосымшасының басты бетіндегі Ashyq белгішесін шертіп, мекемеге кіреберістегі QR-кодты сканерлеп, мәртебесін көрсету жеткілікті.
           «Біріншіден, біз азаматтардың өтініштерін талдап, бизнес-процесті жетілдіру және жүйенің жұмысын тұрақтандыру үшін бастапқы кодты қайта жаздық. Содан кейін оны eGov mobile-ға шығардық, енді телефон нөмірі мен ЖСН енгізудің қажеті жоқ, тек авторизациядан өтіп, QR-кодты сканерлеу қажет. Сондай — ақ, біз сервисті Екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларына шығару бойынша жұмыстар жүргіздік»,-деп түсіндірді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин ҚР ОКҚ баспасөз конференциясында.
          Қосымшаның ҰАТ АҚ сүйемелдеуіне көшуіне байланысты техникалық жұмыстар процесінде қосымша жұмысында іркілістер болғанын атап өткен жөн. Бүгінгі таңда жетілдіру және тұрақтандыру бойынша жұмыстар аяқталды және жүйеде іркілістер байқалмайды.
        Естеріңізге сала кетейік, Ashyq қосымшасы бизнеске карантиндік шаралар кезінде өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік беру мақсатында құрылған. Қоғамдық орындарға кіру үшін азамат Ashyq көмегімен арнайы QR-кодты сканерлейді және қосымшада көрсетілген мәртебесін ұсынады. Мәртебелер 4 түспен белгіленеді:
Жасыл – бұл келушінің ПТР-тестілеуі теріс нәтиже көрсетті;
Көк – ПТР нәтижелері жоқ, байланыста болған адам ретінде саналмайды;
Сары – науқаспен байланыста болған адам;
Қызыл – COVID-19 тестінің нәтижесі оң.
Қосымша ақпарат:
       Анар Мағзұмова
Қоғаммен байланыс басқармасының басшысы.
+7 7172 701665 (іш. 3067)
+77775552085
* * * * * * * *
      Анықтама: «Ұлттық ақпараттық технологиялар «АҚ» электрондық үкіметтің «ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жән мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің операторы болып табылады, сондай-ақ орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...

«ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ» — ҰЛТТЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ!

        ...

«ЕҢБЕК АДАМЫ» КЕЙІПКЕРІ: АҒА МЕЙІРБИКЕНІҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫ – ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ!

        ...

АЯГӨЗ АУДАНЫНДА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МЕДАЛЬДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

АУЫЛДЫҚ МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА «КІТАПҚА — ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ТАРИХ ТАРТУЫ — ТӘУЕЛСІЗДІК» КВИЗ САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ БЕЛДІ МҮШЕСІ ВИЦЕ-МИНИСТРДЕН МАРАПАТ АЛДЫ

        ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИЛІК» ИДЕОЛОГЕМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ (АОБӨФ) ТӨРАҒАСЫ — «ОЙШІЛІК» АУЛЫНДА БОЛДЫ

        ...