Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
Go Viral аймақтық фестивалі 11-20 маусымда аралас форматта өтетін болды - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » Go Viral аймақтық фестивалі 11-20 маусымда аралас форматта өтетін болды

Go Viral аймақтық фестивалі 11-20 маусымда аралас форматта өтетін болды

      11 мамыр — Бүгін жыл сайын өтетін бесінші Go Viral фестиваліне тіркеу басталады.
         Биыл фестиваль 11 маусымнан 20 маусымға дейін аралас форматта өтеді. Кейбір шаралар жергілікті жағдайларды ескере отырып, Алматы қаласында (Hide Park), сонымен қатар Душанбеде, Ташкентте және Бішкекте бетпе-бет өтеді. Воркшоптар, дәрістер, панельдік пікірсайыстар мен питчингтердің көбіне фестивальдің YouTube арнасы, Facebook Live, Zoom платформаларында және фестиваль алдында ғана қосылатын жаңа Go Viral мобильді косымшасы арқылы қатысуға болады.
     Тіркелу тегін және www.goviral.kz сайтында өтеді.
      Бүкіл әлем және оның ішінде өзіміз туған өңірімізді жан-жақты танып білу үшін Go Viral 2021 (бей)таныс Орталық Азия тақырыбын талқылайтын болады. Әдеттегідей, фестиваль медиа, бизнес, мәдениет және технологиялар саласында идеялармен алмасу, оқу және нетворкинг платформасына айналады.
       2017 жылы негізі қаланған Go Viral фестивалі мен оның серіктестері тілшілерге, кәсіпкерлерге, кинематографшыларға және музыканттарға әлеуметтік желілерді, баспасөзді, мәдениетті, бизнес пен технологияларды бүкіл әлеммен тығыз байланыста болу үшін пайдалану мүмкіндігін береді. Қазақстандағы АҚШ Дипломатиялық өкілдігі Орталық Азияда азаматтық қоғамды, инновацияларды және жасампаздықты дамыту бастамасына демеу көрсетуде.
         «Үстіміздегі жылы Орталық Азия елдері өздерінің тәуелсіздігінің 30-жылдығын атап өткелі отыр. Америка Құрама Штаттары жаңашылдардың, инфлюенсерлердің және көшбасшылардың жаңа буынына қолдау көрсете алатынын мақтан тұтады. Пандемиядан кейін бізге қиыншылықтарды жергілікті ғана емес, өңірлік және ғаламдық деңгейде шеше алатын ұлы ойшылдар қажет болатыны бәрімізге белгілі. Мен осы жобаға үлесімді қоса алғаным үшін өте қуаныштымын және фестивальдің осы жылғы бірегей форматына зор үміт артамын», – деп өз ойымен бөлісті Алматыдағы АҚШ Бас консулдығының Қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Ананд Кришна.
        Go Viral 2021 түрлі аудиторияны қызықтыруы мүмкін бірқатар тақырыптарды, оның ішінде жасанды интеллект, медицинадағы технологиялар, деректер туралы ғылым, фактілерді тексеру, сторителлинг, климаттың өзгеруі және т.б. қамтиды. Біздің спикерлер, фестивальдің кестесі және басқа жаңалықтар туралы молырақ ақпарат алу үшін біздің сайтымызды қарауыңызға болады. Сонымен бірге, жаңалықтарымызды Go Viral әлеуметтік желілері: InstagramFacebookTelegram, және YouTube арқылы білуге болады.
     Біз сіздерді биылғы офлайн және онлайн фестивалімізде тағатсыздана күтеміз!
      Көрнекі материалдар, фотосуреттер және Go Viral 2021 фестивалінің басталуы туралы бейнежазбаны мында жүктеп алуға болады. Хэштегтер: #GoViralCA2021 #GoviralCA
Go Viral 2021 фестивалінің баспасөз орталығы:
Далида Накупова, +7 701 222 2850 | dalida.pr@gmail.commedia@goviral.kz
Тулеген Дарбасов, +7 777 705 0128 | tdarbassov@goviral.kz

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...