Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
НАҚТЫ ЖАҒДАЙДЫ КӨРСЕТПЕУДЕ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » НАҚТЫ ЖАҒДАЙДЫ КӨРСЕТПЕУДЕ

НАҚТЫ ЖАҒДАЙДЫ КӨРСЕТПЕУДЕ

        Елімізде гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар бойынша мақалаларын танымал халықаралық журналдарда жариялай алатын PhD докторанттары  жоқ. Бұл туралы M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің Басқарма Төрағасы Талғат Нәрікбаев «Өзбекстанда заң ғылымын дамыту мен заң шығару қызметін жетілдірудің өзекті мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтты.
         Басқарма Төрағасының айтуынша, қазіргі уақытта елімізде Scopus мәліметтер базасында индекстелген немесе Web of Science мәліметтеріне сәйкес импакт-факторы бар журналдарда мақалалары мен шолуларын жариялаған 300-ге жуық заңгер ғалым бар. Соның ішінде олардың 238-і (80%) еңбектерін «жыртқыш» атанған журналдарда жариялады.
         Конференция барысында Талғат Нәрікбаев  университеттер арасындағы QS әлемдік рейтингі жайлы пікірімен бөлісіп, қазақстандық ғылым саласындағы өзекті мәселені атап өтті.
         «QS университеттер рейтингінде Қазақстанның кейбір ЖОО-лары бар. Бірақ бұл рейтингтің әдістемесі академиялық адалдықтың шынайылығына, зерттеулердің сапасына және т.б. диагностика жасай алмайды. Мұндай рейтингтегі позицияларға көбінесе шетелдік өзге университеттердің сарапшыларымен жеке этикаға жатпайтын байланыстары арқылы және жарияланған мақалалар саны үшін жарысу арқылы және т.б. жолдармен қол жеткізеді. Сондай-ақ елімізде гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы PhD докторанттары мақалаларын жетекші халықаралық журналдарда жариялай алмайды және мақала ҚР БҒМ талап қойған соң ғана шығарылады», — деп атап өтті ол.
         M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОЗЕРКИ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНДЕ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        ...