Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ МАҚТААРАЛҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ МАҚТААРАЛҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ МАҚТААРАЛҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

       ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысы, жаңадан құрылған Түркістан облыстық аймақтық футбол федерациясының алғашқы президенті, генерал Хаким Көшқалиев Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келді.
       Ең алдымен департамент басшысы Атакент кентінде орналасқан «Алпамыс батыр» орталық стадионына барып, «Мақтаарал» футбол клубының ойыншыларымен кездесті. Іс-шара барысында аудан әкімі Бақыт Асанов мақташылар клубының тарихымен таныстырды.
        «Мақтаарал» футбол клубы 2012 жылы Қазақстанның екінші лигасында чемпион атанған. Осы жетістіктен соң «кәсіпқой клуб» деген статус алып, қазіргі таңға дейін бірінші лигада ойын көрсетіп келеді. Өткен жылдың қорытындысымен аталған лиганы төртінші орынмен аяқтады. Бюджетінің аз болуына қарамастан мақтааралдық клуб жыл сайын жоғары нәтижелерге қол жеткізуде.
      Тәжірибелі маман Вахид Масудов жаттықтыратын футбол команда 2021 жылы бірінші лига клубтары арасында өтетін ҚР біріншілігінің алдында үш кезеңнен тұратын оқу жаттығу жиынын өткізді. Сондай-ақ, бірнеше рет тәжірибелі командалармен жолдастық кездесулер өткізіп, барлығын жоғары нәтижемен аяқтады. Осылайша мақтааралдық футболшылар 2021 жылғы футбол маусымына толық құрамда дайын.
       Мұнан соң, Х.Көшқалиев аудан орталығы Мырзакент кентінде жақында ғана күрделі жөндеуден өткен Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионға барды. Мұнда теңбіл доп ардагерлерімен жүздесіп, отандық футболды дамыту мәселелері талқыланды. Бір ауданда екі бірдей алып стадионның барына куә болған футбол федерациясының президенті «Мақтаарал» футбол клубының жоғары лигада ойын көрсетуі үшін тынбай еңбектену керектігін айтты.
      «2066 көрерменге арналған алып стадионның жалпы конкурстық құны 240 миллион теңге. Нысанда көрерменге арналған орындықтардан бөлек, 2 қабатты әкімшілік ғимараты, спортшыларға арналған киім ауыстыратын және жуынатын бөлмелер, 12 адамға арналған сыртқы әжетхана, күзет бөлмелері бар. Сонымен қатар, алып стадионның аумағында скейдворкауд, кіші футбол алаңшалары және волейбол, баскетбол алаңшаларының құрылысы да қоса атқарылған» — деді нысанның құрылыс жұмыстарымен таныстырған Бақыт Насырханұлы.
      Департамент басшысының соңғы аялдаған нысаны — Мақтаарал ауданы әкімдігінің халықтық кеңсесі. Аудан әкімі аппаратының ғимаратында орналасқан нысан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия» мәжілісінде берілген тапсырмаға сәйкес, азаматтарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсету және азаматтардың мәселелерін тыңдау мен жылдам шешу мақсатында ашылған.
         «Халықтық кеңсе» арқылы аудан тұрғындары кез-келген мемлекеттік қызметтерді бір жерден ала отырып, жеке қабылдауға жазылып, арыз-өтініштер мен ұсыныстарын бере алады. Кеңседе мемлекеттік қызмет көрсететін 7 бөлімнің мамандары жұмыс атқарады. Аталған бөлімдермен 90 жуық мемлекеттік қызмет электронды түрде және баламалы түрде көрсетіледі.
     Айта кетейік, жұмыс сапарының соңында Хаким Дүйсешұлы бірнеше аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. 
 Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...