Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ҰЛТТАР ТАТУЛЫҒЫ МЕН БІРЛІГІН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРЕТІН ЕРЕКШЕ МЕРЕКЕ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » ҰЛТТАР ТАТУЛЫҒЫ МЕН БІРЛІГІН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРЕТІН ЕРЕКШЕ МЕРЕКЕ

ҰЛТТАР ТАТУЛЫҒЫ МЕН БІРЛІГІН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРЕТІН ЕРЕКШЕ МЕРЕКЕ

       ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2016 жылы еліміздегі ұлттар татулығы мен бірлігін жаңа деңгейге көтеретін ерекше мерекені бекіткен еді. Ол Қазақстан халқының тағы бір асыға күтетін мерекесі – алғыс айту күні. Бұл мейрамның заңды түрде мереке ретінде қабылданғанына көп болмаса да, ол Қазақстан халқы ассамблеясы күнімен тұспа-тұс келеді. Алғыс айту күні, кезінде түрлі тарихи себептерге байланысты қазақ жеріне табан тіреген ұлттар мен еліміздің өткенді еске алып, бүгінгімізге ризашылығымызды білдіретін күн.
Бұл күн қазақтардың ынтымақшылдығы мен достастығының символы, қонақжайлылығының көрсеткіші ретінде атап өтіледі. Сондықтан да ол өте өзгеше болуы керек. Адамдар бір-біріне мейірімділік танытып, қадам жасаған сайын істеген ісіне, қасындағы жарына, жолдасына, баласына алғыс айтудан бастауы керек. Сондай-ақ, Ата заңымызда дініне, тіліне, шыққан тегіне қарамастан Қазақстанда мекен ететін барлық ұлттардың тең екендігі жазылған. Сондықтан мемлекет құраушы ұлт ретінде қазақ халқына айрықша жауапкершілік жүктелгені анық. Мұндай міндетті еліміз өзге этнос өкілдерінің мемлекет құраушы ұлтқа деген шексіз құрметі мен алғыс сезімі арқасында ойдағыдай іске асыруда.
Халқымызда «кең болсаң, кем болмайсың» деген сөз бар. Сол мінездің арқасында өзінің ғана емес, өзгенің де көңілін тауып келеді. Кішпейілділік, кешірімді болу, алғыс айта білу секілді қазақи қасиеттер де бойымызға дарыған. Сондықтан, көктемнің алғашқы күні алғыс айту мерекесінде ең алдымен айналамыздағы адамдармен жақын болуымыз керек.
Алғыс айту күні қарсаңында Мақтаарал ауданының орталығындағы «Мақтаарал» мәдениет үйінде мерекелік шара атап өтіліп, ауданымызда мекен ететін тәжік, өзбек, орыс, әзірбайжан және т.б. ұлтының өкілдері қатыса отырып, өз аттарынан аудан халқына достық пейілі мен ыстық ықыласын жаудырып, алғыстарын білдірді.
Өз кезегінде аудан әкімдігі және аудан өнерпаздары атынан ауданымыздағы барлық салада аянбай еңбек етіп келе жатқан дәрігерлерге, ұстаздарға, спортшыларға, үйде ел болашағы –балаларымызды тәрбиелеп отырған ардақты аналарымыз бен әкелерімізге, қазыналы қарттарымыз бен жалынды жастарымызға және ауданымызды мекен еткен барша этнос өкілдеріне алғыс айтылып, арнайы мерекелік арнаулар паш етілді.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...