Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ ҚЫЗМЕТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ОҢАЙЫРАҚ ЖӘНЕ ҚОЛАЙЛЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ ҚЫЗМЕТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ОҢАЙЫРАҚ ЖӘНЕ ҚОЛАЙЛЫ

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ ҚЫЗМЕТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ОҢАЙЫРАҚ ЖӘНЕ ҚОЛАЙЛЫ

2021 жылғы 24 ақпан.  Нұр-Сұлтан қаласы.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мамандары «Е-лицензиялау» порталының редизайнын жүргізді. Енді қазақстандықтар үшін өте эргономикалық және қолайлы интерфейс қолжетімді, бұл сайт бойынша навигацияны айтарлықтай жеңілдетеді.
Өзгерістер тек сыртқы дизайнға ғана ықпал етпеді, сонымен қатар ішкі бизнес-процестер оңтайландырылды. Сонымен бірге, порталда азаматтарға порталмен жұмыс істеуге көмектесуге арналған кеңестер қолжетімді болады. Ұсыныстар қажет болған жағдайда және мемлекеттік органның — қызмет иесінің бастамасы бойынша жарияланатын болады.
«Веб-технологиялар күн сайын өзгеріп отырады және бірнеше жыл бұрын пайдаланушыға өзекті және қолайлы болған сайттың дизайны ескірген және эргономикалық емес болып саналады. Біз порталдағы пайдаланушылардың мінез-құлқын ұзақ зерттедік және оны толық қайта жобалау туралы шешім қабылдадық. Біздің басты мақсатымыз азаматтарға интуитивті түсінікті интерфейсті пайдалана отырып, онлайн форматта 460 — тан астам рұқсат алуға болатын алаң ұсыну болды», — деп түсіндірді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Диас Қадыров.
Бұдан басқа, e-license порталында «Көрсетілетін қызметтерді бейімдеу» жаңа сервисі пайда болды, ол жаңа көрсетілетін қызметті іске қоспас бұрын оны тексеруге, пайдаланушылардың пікірлерін алуға және осы кері байланыстың негізінде рұқсаттарды беру процесін жақсартуға мүмкіндік береді.
Қосымша ақпарат:
Анар Мағзұмова
Қоғаммен байланыс басқармасының бастығы
+7 7172 740596 (ішкі 3067)
* * * * * * * *
Анықтама: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің операторы болып табылады, сондай-ақ орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...

«ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ» — ҰЛТТЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ!

        ...

«ЕҢБЕК АДАМЫ» КЕЙІПКЕРІ: АҒА МЕЙІРБИКЕНІҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫ – ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ!

        ...

АЯГӨЗ АУДАНЫНДА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МЕДАЛЬДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

АУЫЛДЫҚ МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА «КІТАПҚА — ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ТАРИХ ТАРТУЫ — ТӘУЕЛСІЗДІК» КВИЗ САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ БЕЛДІ МҮШЕСІ ВИЦЕ-МИНИСТРДЕН МАРАПАТ АЛДЫ

        ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИЛІК» ИДЕОЛОГЕМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ (АОБӨФ) ТӨРАҒАСЫ — «ОЙШІЛІК» АУЛЫНДА БОЛДЫ

        ...