Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ХҚО ҚЫЗМЕТКЕРІ КӨПІРДЕН СЕКІРМЕК БОЛҒАН ЖІГІТТІ ӨЛІМНЕН ҚҰТҚАРДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » ХҚО ҚЫЗМЕТКЕРІ КӨПІРДЕН СЕКІРМЕК БОЛҒАН ЖІГІТТІ ӨЛІМНЕН ҚҰТҚАРДЫ

ХҚО ҚЫЗМЕТКЕРІ КӨПІРДЕН СЕКІРМЕК БОЛҒАН ЖІГІТТІ ӨЛІМНЕН ҚҰТҚАРДЫ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының Сарыағаш аудандық ХҚО бөлім басшысының орынбасары Камилов Талғат Бағдатұлы поезд өткеліндегі көпірден секіріп, суицид жасамақ болған жігітті өлімнен арашалап қалды.
Үйіне бара жатқан Талғат Бағдатұлы жолай полиция автокөліктерін, жиналып қалған жұртты байқап жақындағанда, көпірден секіргелі тұрған жігітті көріп бірден көмекке ұмтылған.
«Мен досымның көлігімен үйге қарай келе жатқанмын. Бір кезде жиналған адамдардың «секірме» деп  жатқандарын естідім. Көліктен түсе сала сол жігітке қарай жүгірдім. Қасына барып, «інім қалың қалай? Сенің бұлай істеуіңе не себеп болды, ақылға кел» деп қана сұрап үлгердім. Ойлануға уақыт болмады, ортамызда бір тосқауыл бордер бар, бірден әлгі жігітке қарай секірдім. Алғашында қолымнан тайып кетті, сосын қайта ұстап үлгеріп, айқайлап ұстаңдар дедім. Аман-есен алып шыққан соң қуанып, өз-өзіме келдім. Мен мұны ерлік демеймін, бұл- әрбіреуіміздің азаматтық борышымыз»,- деп Талғат болған оқиға туралы айтып берді.
Құлап бара жатқан жанды құтқаруға сол жердегі азаматтар мен полиция қызметкерлері де көмектесті.
Мемлекеттік корпорацияда 2009 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Талғат Камилов — халыққа адал қызмет етуден жалықпаған білікті қызметкер, отбасында үш перзент тәрбиелеп отырған ардақты әке.
Қазіргі уақытта «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» өз қызметкерін белсенді азаматтық және әлеуметтік жауапкершілік танытқаны үшін марапатқа ұсыну мәселесін қарастыруда.
Қосымша ақпарат үшін:
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
Түркістан облысы бойынша филиалының
ресми өкілі Амантай Егембердиев
тел: +77025099163  a.yegemberdiyev@mail.ru

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОЗЕРКИ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНДЕ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        ...