Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ЗАҢСЫЗ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛДАЙТЫН КӨЛІКТЕРМЕН КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » ЗАҢСЫЗ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛДАЙТЫН КӨЛІКТЕРМЕН КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА

ЗАҢСЫЗ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛДАЙТЫН КӨЛІКТЕРМЕН КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА

Түркістан облысы әкімдігінің «Заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысатын автокөліктердің жұмысына тосқауыл қою» тапсырмасына бойынша Мақтаарал ауданында құрылған тұрақты мобильдік топ құрамы  2021 жылдың 6 ақпан күні  заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысатын қоғамдық көліктерге рейдтік іс-шара ұйымдастырды. 
Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Жәнібек Досболовтың ұйымдастыруымен Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері рейдтік шара барысында 18-ден астам шағын автобустарды тоқтатып, құжаттарын тексерді. Нәтижесінде бағыттардың  қозғалыс кестесі  және сызбалары жоқ екені анықталды.
«Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңына сәйкес, автобус және шағын автобустармен жолаушылар тасымалы 2 түрге бөлінеді. Олар: тұрақты және тұрақты емес тасымал. Тұрақты тасымалдаумен айналысатын қоғамдық көліктерде жолаушылар мен багаж тасымалдауға құқық беретін куәлік, рейс алдындағы техникалық және медициналық тексеруден өткендігі туралы белгілер қойылған жол қағазы, бағыттың қозғалыс кестесі, бағыттың қозғалыс сызбасы болуы қажет. Сондай-ақ, тұрақты емес тасымалдаумен айналысатын қоғамдық көліктерде тұрақты емес тасымалдау қызметіне берілген лицензия, рейс алдындағы техникалық және медициналық тексеруден өткендігі туралы белгілер қойылған борт журналы, тапсырыс берушімен түзілген келісім шарт, тасымалданатын жолаушылар тізімі, автокөлікке тахографтың орнатылғаны туралы сертификаттың болуы міндеттеледі» — деді, рейд барысында жүргізушілерге түсіндіру жұымысын жасаған Ж.Досболов.
Жалпы рейдтік шарада ҚР Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйесімен интеграцияланған планшеттермен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу, жолаушыларды және жүк тасымалдау қағидаларын сақтамау  баптары бойынша 10 әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұлдар салынды.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...